Архив событий

15/09/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасының тілдер туралы Заңын» зерделеу» тақырыбында семинар өткізілді

15/09/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының ұйымдастыруымен Теректі ауылдық кітапханасында «Қазақстан Республикасының тілдер туралы Заңын» зерделеу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот қызметкерлері, филологтар және тіл саласындағы мамандар қатысты.

Осы семинар барысында Заңның реттейтiн мәселесi, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға қолданылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды.

Ірі мөлшерде алаяқтық іс әрекет жасағаны үшін сотталды

15/09/2016

Семей қаласының №2 сотына ҚК-нің 190-бабының, 4-бөлігі, 2-тармағымен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену бiрнеше рет екі немесе одан да көп адамға қатысты, ірі және аса ірі мөлшерде) бойынша азамат А.Изатовқа қатысты қылмыстық іс түсті.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/09/2016

Ұлан ауданының №2  аудандық сотында  қарызды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Талапкер  өз талап арызында, жауапкер автокөлікті қарызға сатып алғанын, ол туралы жауапкер өз қолымен қолхат жазып бергенін көрсеткен. Алайда, осы уақытқа дейін қарыз ақшасын қайтармаған, сондықтан жауапкерден 125 000 теңге қарыз ақшасын өндіруді соттан сұраған.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/09/2016

Риддер қалалық сотында міндетті төлемдер бойынша қарызды өндіру туралы талап арызы негізінде азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісім бойынша жауапкер, сондай-ақ зайыбының мүддесінде әрекет ете отыра, екі ай ішінде талапкерге ортақ сомасы 10 038 теңге шығындар мен  соттық шығындарды төлейді, талапкердің өкілі жауапкердің тарапынан қабылданған міндеттемелерге және екі тараптың бір-біріне қарсылықтары жоқтығын  айтты. 

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

15/09/2016

Аягөз аудандық  сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша  А.Еримановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған.Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқықбұзушы сол уақытта орта дәрежедегі масаң күйде болған.

Әкімшілік іс «Медиация туралы» Заңды қолдану арқылы қысқартылды

15/09/2016

Үржар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағы (отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) бойынша Е.Дүйсенбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, құқықбұзушы өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын әйелімен ұрыс шығарып, оған қатысты балағат сөздер айтқан.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты соттан әкімшілік істі қысқартуын сұрады.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Достық үйінің Қоғамдық келісім орталығында азаматтарды қабылдады

15/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы С.Ибраев облыстық Достық үйінің Қоғамдық келісім орталығында кезекті рет азаматтарды қабылдады.

Аталмыш шараның мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және «Медиация туралы» Заңды насихаттау болып табылады.

Семей қалалық сотында тәлімгер судьялардың қатысуымен семинар өтті

15/09/2016

Семей қалалық сотында жас судьяларға әдістемелік көмек көрсету, кәсіби қызметте жоғары стандарттарға қол жеткізуді қолдау мақсатында кезекті семинар болып өтті.

 Семинар жұмысына тәлімгер-судьялар - К.Ибраева, К.Сапинова, жаңадан тағайындалған судья К.Сыздыков қатысты.

Талапкер сот арқылы автокөлігінің тіркеу есептілігінен алып тасталуына қол жеткізді

15/09/2016

Семей қалалық сотымен көлік құралына меншік құқығын растау және жауапкерді тіркеу есептілігінен автокөлікті алып тастауды міндеттеуі туралы азаматтық іс қаралды.  

Талапкер автокөлік сатып алып, артынша Семей қаласына келіп автокөлікті тіркеу есептілігіне қойған. Ол туралы көлік  құралын тіркеу туралы куәлік беріліп, мемлекеттік нөмір белгісі тағайындалады.  

Дау медиация тәртібімен реттелді

15/09/2016

Риддер қалалық сотының өндірісіне  құжаттарды талап ету туралы талап арызы негізінде азаматтық ісі қабылданды.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін айтып, өтініш білдірді. Келісім шарты бойынша, талапкер жауапкерге 120 00 теңге көлемінде құжаттарды рәсімдеу үшін төленген шығынды өтейді, өз кезегінде жауапкер талапкерге құжаттардың түпнұсқасын қайтарады.

Талапкер қалған талаптарынан бас тартты.  

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Ұлан аудандық сотында «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында семинар өтті

15/09/2016

Ұлан аудандық сотында «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Ұлан аудандық сотының төрағасы М.Халмурзаев, облыстық кәсіби медиаторлар: Т.Танекенова, Г.Мухамадиева, Қасым Қайсенов атындағы кентінің кәсіби емес медиаторлар: К.Калиева, Г.Ахметова, Л.Михеева, жеке нотариустер: С.Марденова, С.Шегиров, А.Танабаева, «Жемчужина» МПК-нің заңгері Е.Мерембаев қатысты.

Катонқарағай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ ұлттық мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/09/2016

Катонқарағай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ ұлттық мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға  аудандық соттың судьялары, қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкері Р. Самарханов, Е.Калиев, Үлкен Нарын ауылдық сот актілерінің орындаушылардың басшысы Ж.Зангинова және адвокат Б.Құсаинова қатысты.

Қоғамдық орында алкогольдік масаң күйінде жүрген

15/09/2016

Ұлан ауданының № 2 соты ӘҚБтК-нің 440-бабы, 4-бөлігі (осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша Д.Белыхқа қатысты әкімшілік іс қарады.

 

Ортақ қоғамдық орынды ластау

15/09/2016

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) бойынша А.Құсайыновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын белгіленбеген жерге тастаған. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Қарызды өндіру туралы дау партисипативтік рәсім тәртібінде реттелді

15/09/2016

Семей қалалық соты қарызды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер жауапкерге қатысты арызданып, өзінен 87 000 теңге қарыз алып, қайтаруға уәде бергенімен, бүгінгі күнге дейін берешек өтелмегендігін және оны өтеуге ешқандай шара қолданылмағандығын баяндаған.  

Істі қарастыру барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімге келді. Оның шарттары бойынша жауапкер 87 000 теңге берешекті қайтаруы тиіс, ал талапкер өз талап арызынан бас тартады.

Отбасылық жанжал медиация тәртібімен реттелді

15/09/2016

Үржар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағы (отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) бойынша Қ.Бекбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, құқықбұзушы  өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын бауырына ұрыс шығарып, оған қатысты балағат сөздер айтқан.

Сот отырысында тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына   байланысты соттан әкімшілік істі қысқартуын сұрады.

Есірткі затын заңсыз қолданғаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

15/09/2016

Үржар аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабының, 2-бөлігі (есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, С.Кариковтан салмағы 1,53 граммды құрайтын есірткі заты табылып, алынған. Аталған оқиға бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа мәні бойынша қарауға жолданған.

Неке медиацияның көмегімен сақталды

15/09/2016

Өскемен қалалық  сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер жұбайымен ара-қатынастарының шырқы бұзылғанын біліп, сотқа арадағы  некені бұзу туралы арызымен шағымданған. Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт мінездері сәйкес келмегендіктен бөлек тұрған. Ортақ некеден екі балалары бар.

Бір ай өткеннен кейін сот отырысында арызданушы жауапкермен татуласқанына байланысты өзінің талап-арыздарынан бас тартты.