Архив событий

27/09/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында бір күнде үш әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды

27/09/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы  1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік істер қаралды.

Сот отырысында құқықбұзушылар өздерінің заңды некедегі әйелдерінің ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, отбасыларының тыныштығын бұзған.  

Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп, екі жақтың татуласуына байланысты, соттан әкімшілік істерді қысқартуды сұраған.

Зайсан аудандық әкімшілігінде ашылған медиация кабинетінде семинар сабағы өткізілді

27/09/2016

Зайсан аудандық әкімшілігінде ашылған медиация кабинетінде аудандық сот төрағасы Б.Мергембаевпен кәсіпқой емес медиаторлармен «Медиация тараптардың тең құқылығы» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Семинар бойынша баяндама жасаған аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев кәсіпқой емес медиаторларға «Медиация заңының» азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша қолдану тәртібіне, олардың ерекшеліктеріне, тараптардың тең құқылығына жан-жақты тоқталды.

Сот актісін орындаудан жалтарғаны үшін жазаланды

27/09/2016

Зырян аудандық  сотының қаулысымен Зырян қаласының тұрғыны ӘҚБтК-ның 669-бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілік ретінде 3 тәулікке қамаққа алынды.

Істі қарау барысында, құқық бұзшы В.Шалухин  2004 жылдың қаңтар айынан бастап кәмелеттік жасқа толмаған баласы үшін алимент өндіру туралы сот актісін тиісті түрде орындамаған.

Сотта  құқық бұзушы  В.Шалухин өзінің баласына алимент төлемегендігін, сот актісін уақытылы орындамағандығын көрсетіп, өз айыбын толық мойындап, өкінетіндігін білдірді.

Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

27/09/2016

Зырян аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің  611-бабының, 3-бөлігімен азамат А.Жилевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, азамат А.Жилев Өскемен-Рахман Қайнары автожолының 179 шақырымында  өзі көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, автокөлік басқарып ҚР жол қозғалысы Ережесінің 13.11 б. бұзып, жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған.

Жүргіншіні қағып кеткені үшін жазаланды

27/09/2016

Зырян аудандық сотында Зырян аудандық ішкі істер бөлімінен түскен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) әкімшілік іс қаралды.

Жеке айыптаушы айыптауынан бас тартты

27/09/2016

Зырян  аудандық сотында  В.Бектемировқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша қозғалған жеке айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Жекеше айыптаушы сотқа айыпталушы В.Бектемировты ҚР ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беріп, онда айыпталушы  ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін, балағаттағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Отбасы тұрмыстық қатынас медиация тәртібінде реттелді

27/09/2016

Жарма ауданының № 2 сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен,  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсету) туралы М.Бейсембаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, құқық бұзушы өзінің үйінде жан-жал шығарып, жұбайын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзған.

Сотта тараптар медиация тәртібімен татуласып, бітімгершілік келісім бекітіп, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.