Архив событий

09/09/2016

Өскемен қаласының № 2 сотымен ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары және ветеринария бөлімнің басшысы қызметтік жалғандық жасағандары үшін сотталады

09/09/2016

Өскемен қаласының № 2 сотымен ҚК-нің 307-бабы, 2-бөлігі, 314-бабы, 2-бөлігі (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану, қызметтiк жалғандық) бойынша  Е.Қуанышевқа қатысты, ҚК-нің 28-бабы, 5-бөлігі, 307-бабы, 2-бөлігі, 314- бабы, 2-бөлігі (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану, қызметтiк жалғандық жасауға жәрдемдесу) бойынша Е.Батхолдинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот баланы анасымен бірге Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына рұқсат берді

09/09/2016

Өскемен қалалық сотында азаматша Г. азамат А-ға Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу жөніндегі талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Даудың нысаны кәмелет жасына толмаған баланың анасымен бірге Қазақстан аумағынан Ресей Федерациясында тұрақты тұруына баланың әкесінің нотариалды түрде келісім бермегені негіз болған.

Сегіз айдың қорытындысы бойынша брифинг өтті

09/09/2016

Зайсан аудандық сотында 2016 жылдың сегіз айында атқарылған жұмыстардың қорытыныдысы бойынша брифинг өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев, судья Ш.Оспанова мен сот қызметкерлері, аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыт, аудандық құқық қорғау мекемесінің өкілдері қатысты.

Тараптар татуласып, әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/09/2016

Тарбағатай аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргендігі үшін қамаққа алынды

09/09/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабының 4 бөлігімен азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында анықталғаны: азамат К ішімдік ішкен масаң күйде Ақжар ауылында адамның қадір-қасиетін кетіріп, имандылыққа нұқсан келтіретіндей алкогольдік  масаң күйде жүрген, бұл жағдай әкімшілік  жазаға  тартылғаннан кейін бір жыл ішінде бірнеше  рет қайталанып жасалған.

Жанұялық жанжал медиациялық келісіммен реттелді

09/09/2016

Зайсан аудандық сотымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Зайсан қаласының тұрғыны С. ішімдік ішкен масаң күйінде, өзінің заңды некедегі жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, отбасында жанжал шығырып, өзімен бірге тұратын отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамдардың тыныштығын бұзған.

Отбасылық жанжал медиация тәртібімен қысқарды

09/09/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  73-бабы  1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат А., ішімдік ішкен масаң күйінде жәбірленушіні ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттап отбасының тыныштығын бұзған.

Сотта істі қарау барысында азамат А, өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, медиатордың  қатысуымен жасалған медиативті келісімді сотқа ұсынылды.   

Есепші мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

09/09/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207 бабы 5 бөлігі (әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу) бойынша мемлекеттік мекеменің есепшісі С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушыға айыппұл салынды

09/09/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат Е.Тыныбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қарыз өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/09/2016

Тарбағатай аудандық сотында «Орда Несие» Несие Серіктестігі» ЖШС-нің азамат А-дан несие қарызын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында талапкердің өкілі жауапкермен өзара келісімге қол жеткізіп, тараптар судья медиатордың араласуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

«Медиация- татуласу рәсімі» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

09/09/2016

Катонқарағай ауданының № 2 сотында  «Медиация - татуласу рәсімі»  тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Кездесуге Катонқарағай ауданының №2 сотының төрағасы А.Әли, соттың бас маманы Ж.Хамитов, ауыл тұрғындары мен аудандық «Арай-Луч» газетінің өкілдері қатысты.

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы 2016 жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

09/09/2016

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Абдрахманов «Бесқарағай тынысы» газетінің тілшісі Л.Шахворостованың қатысуымен Бесқарағай аудандық сотының 2016 жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.                                                                       

Некені бұзу туралы дауда – медиатор ортақ келісімге келтіруші

09/09/2016

Бесқарағай  аудандық соты некені бұзу туралы талап-арыз негізінде қозғалған азаматтық істі қарады.                           

Талапкер өз талап-арызында, жауапкермен 1979 жылы заңды некеге тұрғанын, некеден ортақ екі балаларының барын, мінездерінің келіспеуіне байланысты жауапкермен бірге тұрып татуласу мүмкін емес екендігін, жауапкермен неке қатынасы араларында тоқтатылғанын баяндаған.                     

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды

09/09/2016

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 653-бабы, 1-бөлігі  (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) бойынша Б.Тұқұбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

09/09/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) бойынша М.Жұманбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.             

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.           

Билік өкiлiн қорлап, күш қолдану қатерін төндіргені үшін сотталды

09/09/2016

Өскемен қаласының № 2 сотында ҚК-нің 378 бабы, 2 бөлігі, 380 бабы, 1 бөлігі (жария түрде билік өкiлiн қорлау, билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру) бойынша А.Сыдыковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айрылды

09/09/2016

Ұлан ауданының № 2 сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша Д.Ахмадиевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, құқықбұзушы  алкогольдік масаң күйде көлік басқарған, бұл әрекетімен ол Жол жүру қозғалысы Ережесінің 2- тарауы 4- бөлігінің  2- тармақшасын бұзған.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

09/09/2016

Ұлан ауданының № 2 сотымен ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-тармағы (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша В.Константиновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы көлік құралын басқару кезінде, Жол жүру ережесінің 11.5 т., 2 қосымшаның 1.1 т. бұзған, яғни екі немесе одан көп жолақтар бар жолда қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан.

Өскемен қалалық соты байланыс қызметі бойынша қарызды өндірді

09/09/2016

Өскемен қалалық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, «Казахтелеком» АҚ азаматша Ж-ға  келісім шарт бойынша телефон жүйесін қолдану бойынша қызмет көрсеткен. Бірақ, жауапкермен көрсетілген қызмет бойынша төлемді төлеу міндеті орындалмаған. Соның салдарынан қарыз 26 472 теңгені құрап, талапкер  жауапкерден қарызды және сот шығындарын өндіруді сұраған.

АІЖК-нің 146-бабы бойынша азаматтық іс жеңілдетілген өндіріс бойынша қаралды.

Жауапкер келісім шарт бойынша несиені төлеу уақытын бұзған

09/09/2016

Өскемен қалалық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ  Б-ға қатысты банк келісім шарты бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінген, өзінің талабында  келісім шарт бойынша жауапкерге 78 айға 1500 000 теңге банктік несие  берілген. Несие алушы несие бойынша өзінің талаптарын орындауына байланысты, соттан қарызды өндіруді сұраған.

АІЖК-нің 146-бабы бойынша азаматтық іс жеңілдетілген өндіріс бойынша қаралды.

Бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

09/09/2016

Шығыс Қаақстан облысы ІІД арызы бойынша Өскемен қалалық сотының шешімімен Ресей Федерациясының азаматы Ф. Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.

Жауапкер Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, Қазақстан заңнамасын бірнеше рет бұзғанына байланысты, атап айтқанда қоғамдық орындарда масаң күйде келуіне байланысты үш рет әкімшілік жауапқа тартылуы ел аумағынан шығаруға себеп болған.   

Некені бұзу туралы сот отырысы отбасының сақталуымен аяқталды

09/09/2016

Өскемен қалалық  сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер жауапкермен ара-қатынастарының шырқы бұзылғанын ескеріп, сотқа арадағы  некені бұзу туралы арызымен жүгінген. Өз арызында Ортақ некеден тараптардың екі  кәмелетке толмаған балалары бар екендігін баяндаған.

Медиация кабинетінде семинар -тренинг өткізілді

09/09/2016

Күршім ауданының Теректі ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының медиация кабинетінде Күршім ауданының №2 сотының судьясы С.Жүніспековамен кәсіпқой емес медиаторлар З.Ермекованың, Б.Тіленбаеваның, З.Кикенбаеваның және Н.Жадранованың қатысуларымен семинар-тренинг өткізілді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңашылдықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

09/09/2016

Жарма аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңашылдықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Жарма ауданы сотының кеңсе меңгерушісі М.Кұсманова, АЖПП қызметкерлері Б.Мықтыбаев, А.Оразбаев, Т.Лепесов, Т.Тлеуғазы қатысты.

Ұсақ бұзақылық

09/09/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабы, 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша И.Прасоловқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

09/09/2016

Күршім ауданының №2 сотында ӘҚБтК–нің 608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша С.Тегінбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу тағайындалды

09/09/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабының, 6-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер)  бойынша К. Бексолтановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс медиция тәртібімен қысқартылды

09/09/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса)  бойынша Г.Василевичке қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіпте қарау тәртібі

09/09/2016

Шемонаиха аудандық сотында Шемонаиха аудандық сотының судьяларының, Шемонаиха ауданының прокуратураның, Шемонаиха ауданының Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлерінің өкілдерінің, адвокаттарының қатысуымен «Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіпте қарау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жол-көлік апаты салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы дауды бейбіт жолмен шешілді

09/09/2016

Семей қалалық сотымен С.Слатовтың Ж.Тягаевқа жол-көлік апатымен келтірілген 229 201 теңге көлемінде материалдық залалды және сот шығындарымен қоса, барлығы 285 019 теңгені өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. 

Талапкер өзінің талаптарын келесідей негіздеген, жауапкердің кінәсі бойынша «Toyota Cresta» маркалы көлігіне зақым келтіру салдарынан, оған материалдық залал келтірілген.

Қоғамдық орында былапыт сөйлеген үшін айыппұлға тартылды

09/09/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу)  бойынша С.Сегреевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы қоғамдық орында халықтың көзінше былапыт сөздер айтқан.

Сот қаулысымен  С. Сергеев ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша  кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.