Архив событий

08/09/2016

Семей қалалық сотының судьялары Абай ауданындағы тарихи және мәдени ескерткіш орындарына барып қайтты

08/09/2016

  «Құрбан айт» мейрамының қарсаңында Семей қалалық сотының судьялары сот төрағасының басшылығымен Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы тарихи және мәдени ескерткіш орындарына барып қайтты.

Абай ауданы ХХ-ғасырдың басында ұлы қазақ поэты, философы – Абай Құнанбаевтың атымен аталған. Бұл аудан 9 округтен құрылып, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс жағында  орналасқан.  

Достық үйінде «Татуластыру рәсімдері: қазіргі жағдайда дау-жанжалдарды шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

08/09/2016

Семей қаласының Ювеналды сотында татуласу рәсімдерін белсенді енгізу және іс-қимылды өзара жан-жақты дамыту мәселелері бойынша серіктестік туралы Меморандумның міндеттерін жүзеге асыру мақсатында Достық үйінде «Татуластыру рәсімдері: қазіргі жағдайда  дау-жанжалдарды шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.      

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/09/2016

Семей қаласының № 2 сотымен  жеке айыпталушы Е.Комиссарчукқа қатысты жеке шағым бойынша жеке айыптау тәртібімен ҚК-нің 108-бабымен(денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленушінің арызы бойынша жұбайы айыпталушыны, оған балағат сөздер айтып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

Басты сот талқылауында жәбірленушіден жеке айыптау бойынша қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқарту жөнінде арыз түсті.

Ерлі-зайыптылар сотта медиациялық келісімге келді

08/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа

қарсы әрекеттер) бойынша В.Григорьевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын жұбайына қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, қорлаған.

Сотта тараптар өзара татуласып, медиаторлық келісім жасауы негізінде соттан іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Сот қарызды өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

08/09/2016

Риддер қалалық сотымен  Д.Құрманғалиеваның А.Копышеваға қарсы қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.

Жауапкер жазбаша қолхат рәсімдеп, 2015 жылдың 16 қаңтарында талапкерден 2015 жылдың 16 желтоқсан айына дейін  310 500 теңге көлемінде  қарыз ақша алған. Міндетті мерзім өтсе де, осы күнге дейін қарыз қайтарылмаған. Талапкер соттан 310 500 теңге  көлемінде қарызды, қолхат бойынша 30% айыппұл 46 575 теңгені, мемлекеттік баж салығын 3 570 теңге, барлық соммасы  360 645 теңге өндіріп беруді сұраған.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/09/2016

Семей қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша М-ны соққыға жыққаны үшін жеке айыптау тәртібімен қозғалған А.Абеноваға қатысты қылмыстық іс.

Алдын ала сот талқылауы кезінде тараптар қылмыстық істі медиациалық келісім жасасуына байланысты қысқартуды сұрады.

Сотпен іс өндірісі тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тұлға жеке айыптау ісі бойынша сотпен ақталды

08/09/2016

Риддер қалалық сотымен Д.Кривыхтың С.Витязеваны ҚК 131-бабының 1-бөлімімен (басқа тұлғаның ар намысын, қадір қасиетін балағат сөздермен қорлау) жеке айыптау бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы «РиддерХолод» ЖШС-нің алаңында жәбірленушіні, оның ар намысы мен қадір қасиетіне тиетін балағат сөздерді айтып, тіл тигізген.

Қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқарту туралы қаулы жарияланды

08/09/2016

Глубокое аудандық сотымен ҚК 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша А.Лантухқа  қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотпен анықталғандай, сотталушы жәбірленушінің үйінде спирттік ішімдіктерді ішіп, пайда болған жағымсыз кикілжіңнің салдарынан қасақана жәбірленушіні жұдырықпен бірнеше рет ұрып, денесіне соққы жасаған.

Сотта отырысы барысында сотталушы мен жәбірленуші кәсіби емес медиатордың көмегімен татуласып, сотқа медиативті келісімді ұсынды.

Сот отырысының қатысушысы судьяның кәсіпқойлылығын атап өтті

08/09/2016

Әділдік қағидасы шешім қабылдаған кезде маңызды мәнге ие және сот жүйесінің жалпы бейнесіне тікелей әсер етеді.

Өскемен қалалық сотының судьясы С.Данышпанованың өндірісінде талапкер «Forte Вank» АҚ-ның жауапкер азамат Р-ға мүлікті тыйым салудан босату туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісі қаралған.

Сот шешімімен «Forte Вank» АҚ-ның талап-арыздағы талаптары толығымен қанағаттандырылған.

Жаяу жүргіншіні қағып кеткені үшін сотталды

08/09/2016

Семей қаласының №2 сотымен ҚҚ 345-бабының 1,2-бөліктері (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа және ауыр зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша Ф.Искаковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды

08/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 440-бабы 4-бөлігі (осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша В.Гончаренкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

08/09/2016

Үржар аудандық сотымен ӘҚБК 517-бабы 4-бөлігі  (шетелдiктiң Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы, не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) бойынша Е.Серікханға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/09/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК 383 бабының 3- бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондайақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат Е.Кұмарғазинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

08/09/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК 434- бабының 1- бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындары, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілебеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекет) бойынша А.Тансықкожиновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Алкогольдік масаң күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/09/2016

Жарма  ауданының №2 сотында ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша  азамат К-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы  алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарған.

Жарма ауданының №2 сотының қаулысымен азамат К.,  ӘҚБК 608 -бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан  айыру жазасы тағайындалды.

Қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен Халықаралық пактіні қолдану арқылы қысқартылды

08/09/2016

Глубокое аудандық сотымен ҚК 131-бабының, 1-бөлігі (қорлау) бойынша А.Левченкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, сотталушы жұмыс орнында қызметтесіне ар-намысын қорлайтын дөрекі былапыт сөздер айтқан.

Сот мәжілісінде жәбірленуші дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалуына байланысты істі қысқартуды сұрады.

Алкогольдік масаң күйінде көлік басқарғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылды

08/09/2016

Үржар аудандық сотында ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша М.Жұматаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған.

1 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

08/09/2016

ШҚО Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 596-бабының, 3-бөлігі (жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша Д.Рақадыловқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы екі бағытты жолда көлік құралын басқара отырып, жолды бөліп тұрған көгалдың сол жағынан  айналып өтіп қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен.

Сот Д.Рақадылов ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Глубокое аудандық сотында отбасы-тұрмыстық жанжал бейбіт жолмен шешілді

08/09/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 73-бабының, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  бойынша А.Шелеповқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйінде үйде жанжал шығарып, өзімен бірге тұратын адамға былапыт сөздер айтқан.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласты. Тараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.