Архив событий

29/09/2016

Көлік құралын басқару құқықтарынан айырылды

29/09/2016

Жарма аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының, 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша алты азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

29/09/2016

Жарма аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша А.Омбаеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

29/09/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Талапкер сотқа арызданып, жауапкерден қарыз сомманы өндіруді сұраған, өз талабын жауапкер қолхатта көрсетілген уақытта қарызын қайтармады деп негіздеген.

Сот отырысы кезінде тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен өз ара татуласып, сотқа бұл жөнінде медиациялық келісімді ұсынды.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты өндірістен қысқартылды.

Сот бітімгершілік келісімді бекітті

29/09/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жөнінде әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, құқық бұзушы алкогольдік масаң күйде өзінің тұрғылықты үйінде өзімен бірге тұратын жұбайымен ұрсыс-жанжал шығарып, оған былапыт сөздер айтып, жанұяның тыныштығын бұзған.

Жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиация тәртібімен татуласып, бұл жөнінде сотқа медиация туралы шартын ұсынды.

Риддер қалалық сотының төрағасы халықпен кездесті

29/09/2016

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев «Нұр Отан» мекемесінде қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Төраға сот жүйесіндегі оң өзгерістер, солардың ішінде жаңа технологияларды қолдану – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотпен қаралуына арналғандығын кеңінен атап өтті.

Сондай-ақ, төраға сот бойынша нақты мәліметтер мен статистикалық мәліметтерге тоқталды және  татуластыру рәсімдері соның ішінде медиация, партисипативті рәсімдерінің артықшылықтары туралы да айтып өтті.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұлға тартылды

29/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының,1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша әкімшілік іс қарады.

Кәсіпкерге айыппұл салынып, шылым өнімдерін сату лицензиясынан айырылды

29/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 283-бабының 2-бөлігі (шылым өнімдерін белгіленбеген акциз маркаларымен сақтау және шығару) бойынша жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, Шығыс Қазақстан облысының экономикалық тергеу қызметінің жұмысшылары өткізген шұғыл-іздестіру жұмыстары кезінде базардағы контейнерде жеке кәсіпкердің меншігінде акциздік маркасыз шылым өнімдері сатылатыны анықталған.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында студенттердің медиатормен кездесуі өтті

29/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттың бастамасымен «Медиация – сотқа жүгінбей дау-жанжалдарды реттеудің тиімді мүмкіндігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Қазақстан-Американдық Еркін Университеті колледжінің студенттері шақырылды.

Кәсіби емес медиатор Т.Каримов студент жастарға медиацияның қолданылу аясы мен медиациялық рәсімдердің мақсаты жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Аса iрi мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтау

29/09/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 3- тармағымен (аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және өткізу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған В.Тянге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

В.Тян қылмыс жасау ниетімен, тез пайда табу мақсатында Алматы қаласынан Семей қаласына аса ірі мөлшердегі есірткі заты «кептірілген марихуананы» тасымалдаған.

Үржар аудандық сотының медиация кабинетінде "Ашық есік күні" өткізілді

29/09/2016

Үржар аудандық сотының медиация кабинетінде «Медиация күні. Медиация рәсімін қолдану»  тақырыбында  «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараны судья М.Молдабаев өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жергілікті халық арасында медиация институтына белсенді насихат жүргізу.

Іс-шара өткізу барысында судья азаматтардың бірнеше сұрақтарына жауаптар берді. Сұрақтардың басым бөлігі медиацияны қолдану саласы, медиаторлардың құқықтық жағдайы, медиацияны жүргізу және дауды реттеу туралы келісімге келудің салдары жөнінде болды.

Өскемен қаласының №2 сотымен марихуананы өткізгені үшін сотталды

29/09/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді  өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)  бойынша О.Малышеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, О.Малышева «марихуана» есірткі затын ірі емес мөлшерде өткізу барысында, полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды.