Алимент өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотына талапкер М. жауапкер И.-ға алимент өндіру туралы талап-арызбен жүгінген.

Сотта анықталғандай, талапкер 18 жасқа толғандықтан, оған төленіп отырған алимент тоқтатылған. Қазіргі таңда ол  Өскемен қалалық көп профильді технологиялық колледжінің күндізгі бөлімінде 3-курста оқу оқиды. Сондықтан да жауапкерден оқуына алимент өндіруді сұраған.  

Істі қарау барысында тараптар дауды медиациялық жолмен реттеу туралы келісімге келіп, келісімді  бекітуге ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс өндіріспен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі