Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап ұсақ бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен (әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық, яғни жеке тұлғалардық тыныштығын бұзатын, қоғамдық орынды ластайтын әрекеттер) жауапкершілікке тартылған С.Қаратаевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот отырысы барысында анықталғандай, С.Қаратаев қоғамдық орында темекі шегіп, темекінің қалдығын белгіленбеген жерге тастаған. Осы әрекеті арқылы айналасындағыларға әдепсіздік көрсетіп, ортақ пайдаланудағы қоғамдық ортаны ластаған және қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген. С.Қаратаев бұл әрекетін соңғы бір жылдың ішінде ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылғаннан кейін қайталап жасаған.

Сот қаулысымен С.Қаратаев ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енгізілді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі