Ұлан ауданының № 2 сотында «Халықаралық келісім-шарттарды сот актілерінде қолдану» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының № 2 сотында «Халықаралық келісім-шарттарды сот актілерінде қолдану» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасының м.а. А.Исахан, адвокат Д.Толымханов, Ұлан аудандық прокуротурасының прокуроры А.Колбаев, Ұлан АІІБ-нің полиция қызметкерлері және сот мамандары  қатысты.

Аудандық соттың төрағасының м.а. семинарға қатысушыларды  сот актілерінде сілтеме жасау үшін Қазақстан Республикасының аумағында ратификацияланған, яғни  заңды күші бар 20 Халықаралық  келісім –шарт  бар екендігін айтып, олардың негізгілерімен таныстырды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға қандай азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді қарау кезінде халықаралық шарттарды  қолдануға болатындығы туралы түсіндірілді.

Семинар жұмысын қорытындылай келе, семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

Ұлан ауданының № 2 сотының

баспасөз қызметі