Есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызметкерлер құжат тексерістерін жүргізу барысында азамат С-дан   салмағы  0,70 грамм болатын марихуана есірткі заты табылған.

Семей қаласы № 2 соты ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтау) бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін С-ны кінәлі деп таныды. Сот оған 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласы №2 сотының

баспасөз қызметі