Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының № 2 сотымен  жеке айыпталушы Д.Саркеновқа қатысты жеке айыптау тәртібімен ҚК-нің 108-бабы (деңсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленушінің арызы бойынша жұбайы айыпталушы Д.Саркеновты, оған балағат сөздер айтып, соққыға жығып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Г.Саркеновадан жеке айыптау бойынша қылмыстық істі медиациялық тәртібімен қысқарту жөнінде арыз түсті.

Медиациялық келісім негізінде Д.Саркеновқа қатысты іс өндірісі тараптардың татуласуына байланысты қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Семей қаласы № 2 сотының

баспасөз қызметі