Архив событий

20/03/2016

ШҚО экономикалық сотында Наурыз мейрамына арналған концерт өткізілді

20/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандындырылған ауданаралық экономикалық сотында Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өткізілді.

Мерекелік іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров және азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы М.Комиршинов шақырылды.

Мерекелік безендірілген зал, шаңырақ, дайындалған дастархан мен өлең – мереке қонақтарынының назарына ұсынылды.

Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді

20/03/2016

Глубокое аудандық сотында Наурыз мейрамы қарсаңында мерекелік жиын ұйымдастырылды. Аталған жиынға сот жүйесінің ардагерлері, Глубокое ауданының медиаоторлары және БАҚ өкілдері шақырылды.

Жарма аудандық сотында Наурыз мейрамына қарсы салтанатты жиын өтті

20/03/2016

Жарма аудандық сотында Наурыз мейрамына қарсы салтанатты жиын өтті. Жиынға сот төрағасы Т.Алимханов, судьялар және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы өз сөзінде: Наурыз - ежелден келе жатқан мереке. Бұл мереке бес мың жылдан бері мерекеленетінін, бірлік, толеранттылық пен тұрақтылық сияқты басты құндылықтарды бейнелейтінін айтты. Наурыз жарастық пен сыйластықтың жарқын көрінісі екеніне, елімізде тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан барлық этнос өкілдері бұл мейрамды жыл сайын атап өтетініне тоқталды.

Наурыз мейрамына арналған жиын өткізілді

20/03/2016

Семей қаласының №2 сот ұжымы Наурыз мерекесіне байланысты "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты мерекелік жиын өткізді. Мерекелік жиынға сот жүйесінің ардагерлері М.Керімбаев, Р. Нанарова шақырылды.

Құрметті шығысқазақстандықтар ! Ардақты ағайын!

20/03/2016

Сіздерді  Ұлыстың ұлы күні - 22 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтілетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айырықша бағалап, оны жыл сайын тойлап  отыруды әдетке айландырған.

Наурыз мейрамы қарсаңындағы балалар үйіндегі мереке

20/03/2016

Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жыл сайын «Семей қаласының мамандандырылған балалар үйі» ШЖҚ КМК–на барып мерекемен құттықтауды дәстүрге айналдырды.