Архив событий

30/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

30/03/2016

Зайсан аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының жаңашылықтарына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге аудандық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері, аудан әкімдігінің өкілі, «Достық» газетінің тілшісі және аудандық соттың судьялары қатысты.

ШҚО Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

30/03/2016

Тарбағатай  ауданының  №2 аудандық сотында, «2016 жылғы  5 наурыздағы №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген аудандық  және  оларға  теңестірілген соттардың іс қағаздарын жүргізу ережелері» тақырыбында   семинар  сабағы  өткізілді.

Семинар сабағына кеңсе  меңгерушісі  Б.Тоқтасынова және аудандық соттың мамандары қатысты.

Елді-мекенде атуға тыйым салынған

30/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты ӘҚБтК-тің 436-бабының, 1-бөлігіне (елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық қарудан оқ ату) сәйкес Е.Абайдельдиновке қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта істі қарау барысында Е.Абайдельдиновтың қарудан итті атқандығы, соның нәтижесінде оқтың ұшқындары А.Иванованың аяғына тиіп, оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілгендігі анықталды.

Семей қалалық соты ЖШС-дан еңбекақы бойынша берешек өндірді

30/03/2016

Семей қалалық соты еңбек ақы өндіру бойынша азаматтық істі қарады. Сотқа жүгінген талапкер С Баймолдаев «Каз Град Строй» ЖШС-інде 2015 жылдың 14 желтоқсанынан бастап 2016 жылдың 6 ақпанына дейін жұмысшы ретінде жұмыс істегенінде, оған 80 000 теңге көлемінде еңбек ақысы төленбегендігін айтып шағымданған.

Еңбек Кодексінің 113-бабына сәйкес еңбекақы ҚР ұлттық валютасының ақшалай түрінде келер айдың бірінші онкүндігіне дейін айына бір реттен кешіктірілмей төленуі шарт. Семей қалалық сотының шешімімен арыз талаптары толығымен қанағаттандырылды.

150 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

30/03/2016

Глубокое аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабы, 3-бөлігі бойынша теріс қылық әрекеті жасағаны үшін Ю. Красиковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында, В.Красиков өзі қолдану үшін тағамдық мактардың дәндерінен есірткі заттарын дайындап қолданғандығы анықталды. В.Красиков дайындалған заттарды өзінің танысымен бірге ішкі тамырлары арқылы қабылдаған, В.Красиков 2 шпирицті және дайындалған сұйықтықты кейін тағы қолдануға сақтаған.