Архив событий

03/03/2016

Өскемен қалалық сотында Шығыс Қазақстан облысы сот жүйесінің ардагерлерімен семинар сабағы өткізілді

03/03/2016

Өскемен қалалық сотында Шығыс Қазақстан облысы сот жүйесінің ардагерлері еңбек өтілі 3 жылға дейінгі мерзімді құрайтын жас судьяларға арналған  семинар сабағын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жас судьялардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру болды.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жаңа судья тағайындалды

03/03/2016

Бүгін Өскемен қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотында  Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы М.Комиршинов  салтанатты түрде судья - Ахметова Әлия Ахметқызын таныстырды.

Ә.Ахметова судья лауазымына дейін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсесінде сот мәжілісінің хатшысы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 25 ақпанындағы  № 203 Жарлығымен Өскемен қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

ШҚО экономикалық сотында жаңа судья таныстырылды

03/03/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Комиршинов ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 ақпанындағы Жарлығымен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  лауазымына  - Назгуль Ерқанатқызы Ибраева тағайындалды.

Қазақстан Республикасының аумағынан шеттетілді

03/03/2016

Семей қалалық соты «Семей қаласының ішкі істер басқармасы» ММ-нің арызы бойынша РФ азаматы А.Лошкаревті Қазақстан Республикасының аумағынан шеттетілуі туралы азаматтық істі қарады.

А.Лошкарев Ресей Федерациясының азаматы. Түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан соң отбасымен 1997 жылы Ресейде тұрақтанады, онда пәтер жалдап, жұмысын атқарып, РФ азаматтығын алған. Әйелімен ажырасқан соң  2000 жылы Қазақстанға қайта оралған.

Жол – көлік оқиғасын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

03/03/2016

Үржар аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының, 3-бөлігімен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол  жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуымен абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет)  А.Бекмұрзановты айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Семей қалалық сотының судьялары таныстырылды

03/03/2016

«Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың қаңтар айынан бастап «ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Заңы күшіне енгізілген, сондай-ақ «Судьялардың мәртебесі мен сот жүйесі туралы» Конституциялық заңына да өзгерістер енгізілді. Бұл заңнамалардың басты жаңашылдықтары судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың күшейтілгендігі болып табылады. Судья лауазымына кандидаттардың сот жүйесінде  бес жыл еңбек өтілі немесе  заң саласында он жылдық еңбек өтілі болуы қажет.   

Көкпекті аудандық соты судьяларының құрамы жаңа судьямен толықтырылды

03/03/2016

Бүгін  Шығыс Қазақстан облыстық сотының Төрағасы Д.Әміров  облыстық сот корпусына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  жаңадан тағайындалған судьяны салтанатты түрте  таныстырды.

2016 жылы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Көкпекті аудандық сотының судьясы қызметіне - Жаныбекова Нургуль Бериккановна  тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Аягөз аудандық сотына жаңадан тағайындалған судья ант қабылдады

03/03/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров облыстық соттың сот қауымдастығына жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды.

2016 жылы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Аягөз аудандық сотына - Қаджиакпаров Біржан Кұатұлы тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық сотына жаңа судья тағайындалды

03/03/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров жалпы  отырыста 2016 жылы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық сотына жаңадан тағайындалған судья  - Ибраев Назгүл Ерқанатқызын  таныстырды.

Салтанатты шараға алқа төрағалары мен облыстық соттың судьялары қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық соттарында сот төрелігін іске асыруға отставкадағы судьялар тартылды

03/03/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров жалпы  отырыста Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің 2016 жылы 1 наурызындағы  «Сот төрелігін іске асыруға отставкадағы судьяларды тарту туралы» өкімін жариялады.

ШҚО Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жаңа судья тағайындалды

03/03/2016

Бүгін  Шығыс Қазақстан облыстық сотының Төрағасы Д.Әміров  жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылы 25 ақпандағы Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотының судьясы  қызметіне тағайындалған – Ахметова Алия Ахметқызын таныстырды.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилердің қатысуымен сот төрелігін іске асырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

03/03/2016

Алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Елбасымыз алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санатын ұлғайту туралы міндеттер қойған болатын.

2015 жылғы 31 қазандағы № 378-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, алқабилермен қаралатын істер санына қосымша төрт құрам қосылып, заң  шығумен бекітілді.

Ортақ пайдалану орындарын ластаған

03/03/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдалану орындарын ластау, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған А. Комаровскийге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында А.Комаровскийдің қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын белгіленбеген жерге тастағандығы анықталды. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Аягөз аудандық сотында «Азаматтық іс жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

03/03/2016

Аягөз аудандық сотында «Азаматтық іс жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдану» тақырыбында сот судьялары К.Халелова, Б.Оразбек, кәсіби медиатор К.Амреева және кәсіби емес медиатор Т.Орманов, заң кеңесінің менгерушісі С.Акажановтың қатысуымен семинар  өткізілді.

Семинар барысында азаматтық іс жүргізу кезінде медиация заңының және басқа татуластыру рәсімдерін колдану сұрақтары талқыланды.

Бесқарағай аудандық сотында сот қызметкерлері арасында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

03/03/2016

Бесқарағай аудандық сотының қызметкерлері арасында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Неке сақталып, дау шешілді

03/03/2016

Аягөз аудандық сотында  талапкер  Н-ның жауапкер Н-ға қатысты некені бұзу туралы азаматтық ісі  қаралды.

Сотта  тараптардың 2016 жылдың қантар айынан бастан бөлек тұратындығы, олардың ортақ некеден бір баласын бар екендігі анықталды.

Сот отырысында тараптар өзара татуласып,  медиативтік келісімге келді.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Аягөз аудандық сотының

Тараптар татуласты

03/03/2016

Курчатов қалалық соты  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 3-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) азамат В.Масаловты айыптау туралы әкімшілік істі қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, В. Масалов пәтерде бірге тұрып жатқан жұбайына балағат сөздер айтып, жанжал шығарған.

Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

03/03/2016

Бесқарағай  аудандық сотында К.Оспанованың жауапкер К.Ибрагимоваға қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. 

Тараптар кәсіби медиатордың  көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Сонымен қатар, тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі тыңдалды, олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбайтындықтан және заңды мүдделерін қорғай отырып, медиациялық келісім бекітілді.

Сот ұйғарымымен  келісім бекітіліп,  азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

03/03/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабының, 1-бөлігімен (ұсақ-түйек жымқыру түріндегі қылмыстық теріс қылықты жасау) айыпталған А.Варакинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, А. Варакин Ақжайлау орта мектебінің ғимаратынан заттарды жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Осы әрекеттері арқылы ол жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы жаңа судьямен толықтырылды

03/03/2016

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №203 Жарлығына сәйкес, Қоянбаев Ерік Сиырбайұлы, Абай аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып тағайындалды.