Архив событий

04/03/2016

Глубокое аудандық сотында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау жиналысы өткізілді

04/03/2016

Судьялар және сот қызметкерлерін құттықтауында сот төрағасы Б.Кәсенов 8 наурыз мейрам күнінің тарихына тоқталып өтті. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні германдық және халықаралық жұмыс әрекетінің ірге тасын қалаған Клара Цеткинаның атымен байланысты. Ертеде бұл мереке әйелдердің өз құқықтары үшін күресу, тұрмыста, отбасында және өмірде ер адамдармен теңдік күні болса, қазіргі таңда 8 наурыз махаббат, жер бетіндегі ең нәзік жандар мерекесі. 8-наурыз мерекелердің арасындағы ең керемет меркелердің бірі екендігі анық. 

ШҚО Үржар аудандық сотында «Пробациялық бақылау» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстел өткізілді

04/03/2016

Үржар аудандық сотында  «Пробациялық бақылау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Үржар ауданының прокуратурасының өкілі, ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің басшысы,  пробациялық бақылау бөлімінің инспекторы, ауылдық округінің  бас маманы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы қатысты.

ШҚО Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының ерлері ұжымдағы әйелдерді мерекемен құттықтады

04/03/2016

Бүгін Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік жиын өтті.

Сот төрағасы Н.Нұралинов ұжымдағы әйелдер қауымын тамаша көктем мерекесімен құттықтады. Әйел адамдардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атай келе,  әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқандығы және қажырлы еңбектері үшін  алғысын  білдіре отырып, еңбектеріне жеміс, сәттіліктер тіледі.

Автокөлікті басқару құқығынан екі жылға айырылды

04/03/2016

Глубокое аудандық  сотында ӘҚБтК-нің 613-бабы, 4-бөлігімен (полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) айыпталған құқық бұзушы С.Фалалеевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта С.Фалалеевтің автокөлікті жүргізіп, Ішкі істер   органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағандығы анықталды.

Дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

04/03/2016

Глубокое аудандық сотында бөтеннің мүлкін ұрлаған А.Дингеске қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот  мәжілісінде кәсіпкер емес медиатор Ш.Ахметкалиевтың қатысуымен жәбірленушілер мен сотталушы арасында дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасалды.

Сот қаулысымен А.Дингес  екі ұрлық жасау эпизоды бойынша ҚК-тің 68-бабы, 1- бөлігі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты іс қысқартылды.

Өскемен қалалық сотының жұмыс орнында болған жазатайым жағдай деп тану туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды

04/03/2016

Өскемен қалалық сотына қайтыс болған адамның жұбайы жұмыс орында болған  жазатайым  жағдайға байланысты  жасалған  арнай тексеру Актісін заңсыз деп танылған кісі өліміне әкеліп соққан жазатайым жағдайды өндіріске байланысты болған деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

Полиция қызметкеріне қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды

04/03/2016

ШҚО Жарма аудандық сотында Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісінің ҚК-нің 345-бабының, 4-бөлігімен, 347-бабымен қарастырылған (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет,  көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалуы) қылмыс жасағаны үшін күдіктенген Жарма ауданының полиция қызметкері А.Абдукаримовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі б

Зайсан аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

04/03/2016

Зайсан аудандық сотында азамат  Г.Метеркуловаға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сотта  Г.Метеркулованың бұрын бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін  сотты бола тұра, 2015 жылдың ақпан-қазан айлар аралығында Зайсан қаласында басқа бір азаматпен алдын ала сөз байласып, адамдар тобы болып, бөтен адамдардың сеніміне қиянат жасау арқылы Зайсан қаласының тұрғындарының сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен алдап, олардың  жалпы құны 3 905 200 теңгені құрайтын  мүлкін бас пайдаларына асырған.

Татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

04/03/2016

Зырян аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықты жасағаны үшін В.Шевелевке қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, В.Шевелевтің өзінің үйінде алкогольдің масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын әйеліне балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Алимент өндіру туралы талап бітімгерішілік келісім бекітумен қысқартылды

04/03/2016

Үржар аудандық соты жұбайын асырау үшін алимент өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сотта, талапкердің жауапкермен  ортақ некеден үш балалары бар екені, барлық үш баласы да өзімен бірге тұратыны анықталды. Жауапкер өз еркімен материалдық көмек көрсетпеген, өзі кішкентай қызын бағып тәрбиелеумен байланысты жұмысқа шыға алмаған.

Балалар құқығын қорғауға байланысты кеңейтілген жиын өтті

04/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясында «Балалардың  құқықтарын қорғау мамандарының және кәмелетке толмағандардың пробациясы институттарының өзара іс-қимылдарын жаңғырту»  тақырыбына қатысты өткен кеңейтілген жиынға №2 Ювеналды соттың судьясы Р.Байжуманова қатысты. 

Жиынның  мақсаты, бала құқығы жөніндегі сұрақтарды үйлестірудің механизмінің рөлін күшейту және кәмелетке толмағандар үшін пробация жүйесін жаңғыртуды талқылау болды.  

ШҚО «Үміт» балалар үйінде «Ерте ана болудың алдын алу және жыныстық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық аспектілері» тақырыбында ток-шоу өтті

04/03/2016

Жасөспірім шақ  - әрбір адамның өміріндегі қызықты, әрі аса күрделі кезең. Бұл кезде әлем көз алдыңда өзгеріп жатады. Алғашқы ұнату, алғашқы кездесу, алғашқы махаббат. Балалар осы күрделі жасөспірімдік кезеңде неге әкеліп соғатынын ойланбастан түрлі іс әрекеттерге барып жатады, соның салдарынан ерте жүкті болып қалады.