Архив событий

02/03/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/03/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында Р.Камзинді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі 1,3-тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен,  тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiріп,  бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) айыпталған қылмыстық іс қаралды.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды рәсімдеу кезіндегі әкімшілік заңнамадағы туындайтын проблемалық сұрақтар» тақырыбына семинар өткізілді

02/03/2016

Үржар аудандық сотының судьясы Үржар АІІБ-нің ғимаратында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды рәсімдеу кезіндегі әкімшілік заңнамадағы туындайтын проблемалық сұрақтар» тақырыбына семинар өткізді.

Семинарда Үржар аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің, Үржар аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің жол – патрульдік қызметі тобының, Үржар аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке жасы толмағандардың ісі бойынша инспекторлары, көші – қон полициясының, табиғатты қорғау бөлімінің инспекторлары қатысты.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

02/03/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында сот әділдігінің ашықтығы мен қолжетімдігін көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениеттілігі дәрежесін көтеру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Оған Катонқарағай ауылының тұрғындары мен орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Сот төрағасы А.Әли Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңына сәйкес медиация тәртібімен дауды шешу жүзеге асырылатындығын атап өтті. Аталған шара  барысында сот мамандары «Сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыздарды жолдау тәртібін түсіндірді.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді

02/03/2016

Семей  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған шараға Шәкәрім атындағы мемлекетік университеттің «Құқықтану» кафедрасының 2-ші курс студенттері қатысты.

Кездесуге келген жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына судьялар  толыққанды жауап беріп,  әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша тәжірбиелерімен бөлісті.  Студенттер өз теориялық білімдерін тәжірибелік түсіндірулермен толықтырды.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

02/03/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында  «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге сот төрағасы К.Конкаев,  судья, кеңсе мамандары, прокурор көмекшісі және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот актілерін орындау бойынша, әкімшілік айыппұлдар өндіруге, мемлекет пайдасына тәркіленетін айғақ заттар, айғақ заттарды жоюға қатысты және олардың уақытылы орындалу сұрақтары  талқыланды.

Зайсан аудандық сотында брифинг өткізілді

02/03/2016

Зайсан аудандық сотында 2016 жылы 1 қаңтарда  қолданысқа енген «Еңбек кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбында аудандағы ірі мекемелердің заңгерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері және «Достық» газетінің тілшісінің қатысуымен  брифинг өткізілді.

Ұлан аудандық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында брифинг өткізілді

02/03/2016

Ұлан аудандық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар»  тақырыбында брифинг  өткізілді.

Іс шараға Ұлан аудандық сотының төрағасы М. Халмұрзаев, Ұлан аудандық сотының тергеу судьясы  А.Нұргазин, кеңсе меңгерушісі Н. Кисыкова, сот отырысының хатшысы А.Гайсина, сот отырысының хатшысы А.Абдрахманова және «Ұлан таңы» газетінің тілшісі З.Кенжеханова қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында пара алғаны үшін «Бородулиха колледжі» КММ-нің директорына қатысты үкім шығарылды

02/03/2016

Бородулиха аудандық сотында  ҚК-нің 361-бабы, 1-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігі, 369-бабы, 1-бөлігі (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті тұлғамен пара алу, қызметтiк жалғандық жасау) бойынша айыпталған  «Бородулиха колледжі»  КММ-нің директоры Т.Ахметжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.