Архив событий

25/03/2016

Жекеше айыптау ісі медиативтік келісім жасау арқылы қысқартылды

25/03/2016

Зырян аудандық соты ҚК-тің 131- бабы, 1-бөлігімен (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған азамат Г-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат  Г. алкогольдік масаң күйінде үйіне келіп, анасына әдепсіз түрде балағат сөздер айтып, абыройы мен қадiр-қасиетiн кемсіткендігі анықталды.

Судья медиация тәртібінде дауды реттеді

25/03/2016

Зырян аудандық соты 203 623 теңге көлемінде алимент қарызын төлеуден босату туралы талап қою арызы  бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу бойынша құқықтары түсіндіргеннен кейін, тараптар аталған құқықтарын қолдануға шешім қабылдады.

Дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім келуіне сәйкес, судья тараптардың өтінішін қанағаттандырып, аталған іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ

Татуласқандықтан әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

25/03/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықты жасаған А.Гурьяновке қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта, А.Гурьянов өзінің үйінде алкогольдің масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын анасына балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Көкпекті аудандық сотында «Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/03/2016

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы Көкпекті аудандық прокуратурасының ғимаратында Көкпекті аудандық прокуратура қызметкерлерінің, құқықтық қорғау органдарының қатысуларымен «Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

25/03/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 122-бабы, 1-бөлігі (сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу) бойынша  әкімшілік істі қарады

Сотта, аудандық маслихаты депутатына кандидаты С.Мангулованың сайлаушыларымен кездесу барысында, сайлау комиссиясының төрағасы А.Жүнісова сайлаушылар алдында, аудандық маслихаты депутатына  кандидат С.Мангуловаға қатысты алғыс  білдіре отырып сөз сөйлеген. Нәтижесінде А.Жүнісова өз әрекеттерімен сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзғандығы анықтылды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

25/03/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабы, 3-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) қарастырылған В.Шаталовқа қатысты  әкімшілік істі қарады.

Сотта,  В.Шаталов алкогольдік масаң күйінде  автокөлікті басқарып келе жатып, автокөлікпен соқтығысқа жол бергендігі анықталды. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде көлік иесіне материалдық шығын келтірген.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

25/03/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 613-бабы, 1-бөлігімен (ішкі істер(полиция) органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Е.Огнева автокөлігін басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағандығы анықталды.

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судья Г.Боранбаева, бас маман А.Тұякбаева, Өскемен қаласының  прокуратура бөлімінің аға прокуроры Р.Сайранбекұлы, Ертіс ПБ аға инспекторы Г.Құсаинованың, Солжағалау ПБ инспекторы Р.Хасенованың, сонымен қатар  Үлбі ПБ аға инспекторы Л.Барсаева қатысты. 

Ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиациялық келісім жасау арқылы қысқартылды

25/03/2016

Зырян аудандық сотында Қылмыстық Кодекстің 188-бабы,1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша Зырян қаласының тұрғынына қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, 2016 жылдың ақпан айында азамат Б. жәбірленуші анасының үйде жоқтығын пайдаланып, оның сырт киімінің қалтасынан 25 000 көлемінде ресей рублін ұрлаған. Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде сотталушы жәбірленушіге материалдық шығын келтірген.

Көлік басқару құқығынан айырылды

25/03/2016

Зырян аудандық соты Зырян аудандық ішкі істер бөлімінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596-бабы, 3-бөлігі (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша Г.Ибряевқа қатысты  әкімшілік іс  қаралды.

Сотта Г.Ибряевтың Өскемен-Риддер тас жолының 12 шағырымында автокөлігін басқарып, өрге көтерілу соңында және көру мүмкіндігі шектелу аймағында алдында жүріп келе жатқан көлікті озу үшін жолдың қарсы жүру жолағына шығып, жол жүру Ережесін бұзғандығы анықталды.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты билік өкіліне бағынбаған адамдарға қатысты үкім шығарды

25/03/2016

Катонқарағай ауданының №2 соты  ҚК-тің 379-бабы, 1-бөлігі (билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау)  бойынша азаматтар Е.Нұрсапаров пен Р.Құрғымбаевқа  қатысты қылмыстық істі қарады.

Жәбірленушінің емделуіне жұмсалған қаражатты өндіру туралы прокурордың талап арызы толығымен қанағаттандырылды

25/03/2016

Семей қалалық соты Бородулиха ауданд­ық прокуратурасының К.Колчинаға қатысты ­жәбірленушінің емделуіне  жұмсалған қаражатты мемл­екет пайдасына өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық і­сті қарады.

Сотта, Бородулиха ауда­ндық сотының үкімімен К.Колчина ҚК-тің 106-­ бабы, 1-тармағымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп  танылып, оған 4 жылға пробация­лық бақылаумен қатар, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру ж­азасы тағайындалғандығы анықталды.

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Электрондық сот ісін жүргізу және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде іс-жүргізу мерзімін сақтау» тақырыбында семинар өткізілді

25/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Электрондық сот ісін жүргізу және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде іс-жүргізу мерзімін сақтау» тақырыбында кеңсе мамандары арасында семинар өткізілді.