Архив событий

24/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясының бір күні

24/03/2016

Бұқаралық ақпарат құралдары сот пен азаматтық қоғамды байланыстыратын негізгі түйін болып табылады. Олар сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Сот билігі қызметінің кең айқындалуы мемлекеттік басқарудың ашықтығын жүзеге асыратын фактор ретінде орын алады. Бұл азаматтардың сот жүйесіне деген сенімсіздігі және халықтың құқықтық сауатсыздығы сияқты теріс факторларды жоюға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының аумағынан шеттетілді

24/03/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық  сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлiгі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша құқықбұзушылық жасағанын, Өзбекістан Республикасының азаматы З.Жураевке қатысты әкімшілік іс қаралды.                                       

Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды

24/03/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат И.Сылдырбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы іс қаралды.

Сот ісін жүргізу тілі бұзылды

24/03/2016

Көкпекті аданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) Е.Ержанға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істі қарауға дайындық кезінде,  судья полиция бөлімінің қызметкерінің  іс жүргізу заннамасының өрескел бұзғандығын анықтады.

Глубокое аудандық сотында «Лауазымды тұлғалардың қаулыларын сотта қайта қарауы туралы» дөңгелек үстел өткізілді

24/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты өкілетті органдармен (лауазымды тұлғалармен) шығарылатын әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды шағымдау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға ішкі істер, әділет органдарының, әкімшілік, салық қызметінің және төтенше жағдайлар бойынша бөлім өкілдері қатысты.

«2016 жылы қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің кейбір нормаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/03/2016

Үржар аудандық сотында «2016 жылы қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің кейбір нормаларын талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Үржар ауданының прокуратурасының өкілі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, еңбекті қорғау мемлекеттік инспекторы, құқықтық көмек көрсетуші жеке кәсіпкер қатысты.

«Әйел құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/03/2016

Гендерлік саясатты дамыту мақсатында Үржар аудандық сотында «Әйел құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Үржар ауданының АХАЖ бөлімінің өкілі, Үржар аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы, «Үржар ауданы Әкімдігі» ММ-нің заңгерлік бөлімінің маманы, Үржар АІІБ-нің қызметкері қатысты.