Архив событий

31/03/2016

Балық аулау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

31/03/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  383-бабы, 3-бөлігімен  (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу)  қарастырылған азамат  Н.Қарағозинге қатысты   әкімшілік  іс қаралды.

Үржар аудандық сотында «Алуды санкциялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

31/03/2016

Үржар аудандық сотында «Алуды санкциялау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына аудандық прокуратура органының өкілі және Үржар АІІБ-нің тергеу бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

31/03/2016

Курчатов қалалық сотында Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша азамат Н.Рамазанға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, азамат Н.Рамазан 2016 жылдың 10 ақпанында қаланың Мәдениет үйінің ғимаратында жәбірленушіге тиесілі ұялы телефонды жасырын ұрлап, оған 25 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында тараптар медиаторлардың қатысуымен медиация тәртібімен келісімге келіп, істі қысқартуларын сұрады.

Заңсыз балық тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды

31/03/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 389-бабы, 1-бөлігі (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша Г.Снегирев және Ю.Вольфқа қатысты екі әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Г.Снегирев және Ю.Вольф Бұқтырма су қоймасында жедел қимыл отрядымен көлікке тиелген 60 кг. «рипус» балығымен ұсталғаны анықталған.

Басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқаны үшін сотталды

31/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған Е.Хузинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бесқарағай аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/03/2016

Бесқарағай аудандық сотында ҚК-тің 188-бабы, 1-бөлігі (ұрлық, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша Е.Салиховқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Е.Салихов жәбірленушіге тиесілі ноутбукты ұрлап, оған 140 000 теңге материалдық зиян келтіргендігі анықталды.

Сот отырысы барысында, жәбірленушімен татуласқаны және келтірілген залалды толығымен өтелгені үшін қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Сот қаулысымен Е.Салиховқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Ұлан аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

31/03/2016

Ұлан аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараға сот төрағасы М.Халмұрзаев, судья А.Нұрғазин, судья Х.Тлеубергенова қатысты. Өз баяндамасында М.Халмұрзаев, гендерлік саясат - бұл ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы екендігін атап өтті.

Шетелдік ҚР заңнамасын бұзғандығы үшін республика аумағынан шеттетілді

31/03/2016

Семей қалалық соты «Семей қаласының ішкі істер бөлімі» ММ-н­ің арызы бойынша Ресей Федерациясының аз­аматы И.Погореловты Қзақстан Республика­сы аумағынан шеттету туралы азаматтық іс­ қаралды.

Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу арқылы неке сақталынды

31/03/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында, тараптар заңды некеде тұратындығы, сол некеден кәмелетке толмаған бір балалары бар екендігі анықталды. Мінездерінің келіспеуіне байланысты талапкер некені бұзу жөнінде талап арызбен сотқа жүгінген. Сотта істі жүргізу барысында ерлі-зайыптылар медиация келісімін жасап, бір бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуына міндеттелді.

Күршім аудандық сотынды азаматтық іс қаралды

31/03/2016

Күршім аудандық соты «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның «Бишай» Несиелік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, А.Рамазановқа, Ж.Маукенге, Қ.Оспановқа қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта, микроқаржылық ұйымдарды болашақта несиелендіру үшін конкурстың қорытындысына сәйкес, талапкер мен жауапкердің арасында 8 500 000 теңге несие беру туралы келісім шарт жасалғандығы анықталды.

Ұлан аудандық сотында «Жаңа еңбек кодексі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

31/03/2016

Ұлан аудандық  сотында «Жаңа еңбек кодексі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Шараға сот төрағасы М.Халмұрзаев, тергеу судьясы А.Нұрғазин, судья Х.Тлеубергенова және сот отырысының хатшылары А.Гайсина, С.Ашимжанова қатысты.