Архив событий

01/03/2016

Құрметті Шығысқазақстандықтар! Ардақты әріптестер!

01/03/2016

Сіздерді 1-наурыз –«Алғыс күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

ҚР Президентінің 2016 жылдың 15 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» жарлығына енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл қазақстандықтар алғаш рет  1 –наурыз күні  «Алғыс күні» мерекесін тойлап отыр. Татулықтың тал бесігі болған Тәуелсіз Қазақстан тағыда келешекке үлкен қадам басып отыр.

Риддер қалалық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

01/03/2016

Риддер қалалық сотына Д.Власов азамат Н.Власовқа  21 жасқа толғанға дейінгі оқу ақысын төлеуге және оны асырау үшін  алимент және 27 000 теңге сот шығындарын өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Сотта кәмелетке толғанға дейін жауапкер талапкерге табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент төлеп тұрғандығы анықталды. Кәмелетке толған соң алимент төлеу тоқтатылған. Қазір талапкер орта мектептің 11 сыныбында оқиды, келешекте жоғарғы оқу орнына түсетін ниеті бар.

Катонқарағай аудандық сотында Алғыс айту күні аталып өтілді

01/03/2016

Бүгін  ШҚО Катонқарағай аудандық сотында елімізде бірінші рет аталып өтіп жатқан Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Сот төрағасы Б.Секербеков іс-шараны ашу барысында,  Алғыс айту күні мерекесінің көктемнің бірінші күні аталып өтуі тегін емес екендігін атап өтті. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған – бұл институт елімізде тұрып жатқан барлық этностардың арасындағы достықтың, ынтымастықтың, бірліктің нышаны болып танылған. 

Неке медиацияның көмегімен сақталды

01/03/2016

Өскемен қалалық  сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардың ортақ некеден екі балалары бар екендігі, олардың  ұзақ уақыт мінездері сәйкес келмегендіктен, бөлек тұрғандықтары анықталды. Тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен  дауды медиация тәртібінде реттеп, соттан іст қысқартуды сұраған.

Өскемен қалалық соты тараптардың татуласуларына байланысты істі медиация тәртібімен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Заңды маңызы бар факті анықталды

01/03/2016

Өскемен қалалық сотына азаматша С еңбек кітапшасындағы  маңызы бар фактіні анықтау бойынша арызбен жүгінген.

Сот азаматша С-ның еңбек кітапшасында оның тегі қате жазылып, нәтижесінде, арызданушының еңбек кітапшасындағы тегі  оның жеке куәлігіндегі тегіне сәйкес келмейтіні анықталды.

Азызданушының еңбек кітапшасындағы маңызы бар фактіні анықтау оның зейнетақы алуы үшін қажет екендігін айтып көрсетті.

Тараптар татуласты

01/03/2016

Курчатов қалалық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) айыпталған  азамат С. Шпунтоваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Шығыс Қазақстан облысының №1кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үйлестіру кездесуі өткізілді

01/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Т.Жұмагелдиннің, БҰҰ жанындағы балалар қорының Қазақстандағы өкілінің орынбасары Фиакра Макасейдің, халықаралық сарапшы Аваз Рауфтың, БҰҰ жанындағы балалар қорының жобаларын коммуникациялау жөніндегі маманы Е.Ілиясовтың, «БҰҰ жанындағы балалар қорының балалар әділ соты» жобасының ұлттық кеңесшісі И.Мацкевичтің қатысуымен үйлестіру кездесуі өткізілді.

Пәтер иелерінің кооперативі автокөлік иесіне құлаған ағаш үшін келтірген материалдық залалды өтеді

01/03/2016

Өскемен қалалық сотына азамат Г. пәтер иелерінің кооперативіне (ПИК) келтірген материалдық залалды  өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сотта, талапкерге тиесілі автокөлікке ағаш құлап, нәтижесінде автокөлік бүлінгендігі анықталды. Автокөлікті қалпынакелтіру шығыны   амортизациялық тозу есебіне сәйкес 622 580 теңгені құрайды. Үй ПИК-тің қызмет көрсететін аумағына жататындықтан, ағаштарды уақтылы кесу шаралары жасалмаған. Талапкердің талабында 622 580 материалдық залалды және төленген мемлекеттік баж бойынша сот шығындарын  өндіруді сұраған.

Алғыс айту күні

01/03/2016

Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.Тайтөлеуов судялар мен  сот мамандарын Алғыс айту күнімен құттықтады.

2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту  күні деп жарияланды.

Аталған күннің  мереке күні болып жариялануынының өзіндік себебі бар,  1 наурыз 1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні, яғни мемлекет аумағында тұрып жатқан әрбір ұлттардың ауыз біршілігінің ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.

Жұмысшы мен жұмыс беруші татуласты

01/03/2016

Семей қалалық соты «Семей-Автовокзал» ЖШС-іне қатысты Р.Карабаеваның жұмысқа қайта орналасуын, жұмыстан шығарылу туралы бұйрықтың жойылып, мәжбүрлі түрде жұмыстан бос жүрген уақыты үшін еңбек ақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында, тараптар дауды бітімгерлік жолмен реттеуге өтініш білдірді. Келісім бойынша жауапкер талапкерге  146 000 теңге көлеміндегі екі айлық  еңбек ақысын өтеуге, ал жауапкер өз кезегінде  талап арызынан бас тартуға келісілді.

Соттың жеке ұйғарымы заңның бұзылуына қарсы амал болып табылады

01/03/2016

Семей қалалық соты «Семей қаласының нарколо­гиялық диспансері» МҚК-мен А. Турыги­нді ішімдіктен мәжбүрлі түрде емдеуг­е жолдау туралы өтініші негізінде азаматтық іс қар­алды.

Сот отырысында, Семей қалалық сотының алдындағы заңд­ы күшіне енген шешімімен наркологиялық д­испансерінің ұсынысы қанағаттандырылып, ­А.Турыгин ішімдіктен мәжбүрлі түрде ­емделуге 6 айға жолданғандығы, алайда бұ­л шешім осы күнге дейін орындалмағаны ан­ықталды.

Есірткі заттарын қолданып, сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

01/03/2016

Зырян ауданының №2 сотында ҚК 296-бабы, 2-бөлігімен (есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған азамат В.Патрушевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта  полиция қызметкерлерін «Паутина» ЖІШ жүзеге асыру кезінде В. Патрушевтің «Марихуана» есірткі заттарын өз үйінде сақтап, қолданғаны туралы ақпарат алғандығы анықталды. В. Патрушевтің үйін тінту кезінде 34,50 грамм есірткі заты «марихуана» тәркіленді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

01/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында  ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қарастырылған   А. Дозорецке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

01/03/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдалану орындарын ластау,  айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн әрекеттер)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Ложниковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта С.Ложниковтың қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын жерге тастағандығы анықталды. Бұл әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағы адамдарға құрметтемеушілік білдірген және қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

01/03/2016

Жарма аудандық соты ҚК-тің 187-бабы, 1-бөлігімен (ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша А.Степановқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Зайсан аудандық сотында «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты шара өткізілді

01/03/2016

Биылғы жылы алғаш рет аталып отырған  «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты шараға Зайсан аудандық сотының және аудандық «Достық» газетінің ұжымдары қатысты.

Мерекелік шарада Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев салтанатты шараға қатысушыларды «Алғыс айту» күнімен құттықтап, бұл мерекенің адамдардың бір-біріне деген алғыстарын айту арқылы береке-бірлікке шақыратын  маңызына тоқталды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты шара өткізілді

01/03/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Мерекелік шарада Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров, облыстық сот судьялары және сот мамандары қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров алғы сөзінде ҚР Президентінің 2016 жылдың 15 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» жарлығына енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл қазақстандықтар алғаш рет  1 –наурыз күні  «Алғыс күні» мерекесін тойлайтынын атап өтті.