Архив событий

10/03/2016

Жүргізуші көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

10/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) қарастырылған Е.Қабдырашитке қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылғы 25 ақпанда Е.Қабдырашит автокөлік құралын орта дәрежелі масаң күйінде жүргізген.

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды

10/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық соты ҚР ҚК-нің 106 –бабы, 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған И.Тютяеваға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта,  2016 жылдың 15 қаңтарында И.Тютяеваның  масаң күйінде өзінің жұбайының ауыр дене жарақатын  келтіргендігі анықталды.  

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дәріс өткізді

10/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Т.Жұмагелдин Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің заңтану бөлімінің студенттеріне «100 нақты қадам – Ұлт жоспары», ҚР-ның «Медиация туралы» Заңы, «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыптарында дәріс өткізді. 

«Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі хаттамаларды сапалы рәсімдеу және нақты айғақтарды толығымен жинау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

10/03/2016

Риддер қаласының ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында  Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г. Оспанова «Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі хаттамаларды сапалы рәсімдеу және нақты айғақ заттарды толығымен жинау» тақырыбында семинар  сабақ өткізді.

Өткізілген семинар сабаққа Риддер қаласының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында екі қылмыстық істер медиатордың қатысуымен қысқартылды

10/03/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 1- бөлігімен ұрлық жасағаны үшін айыпталған З.Альтерге және Қылмыстық кодекстің 293- бабы, 1-бөлігімен бұзақылық жасағаны үшін айыпталған Ж.Чукумовқа қатысты қылмыстық істер қаралды.

Аталмыш істер бойынша сот отырыстарында тараптарға істі медиация тәртібінде қысқарту мүмкіндіктері түсіндірілгеннен кейін, жәбірленушілер мен сотталушылар медиаторға жүгіну үшін соттан уақыт беруді сұрады.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Қоғамның және мемлекеттің дамуындағы әйелдердің атқаратын рөлі» тақырыбында конференция өткізілді

10/03/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен Күршім ауданы Марқакөл өңірі бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен Гендерлік теңдік стратегиясының жүзеге асырылу барысына арналған «Қоғамның және мемлекеттің дамуындағы әйелдердің атқаратын рөлі» атты тақырыпқа конференция өткізілді.

Өскемен қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

10/03/2016

Өскемен қаласының №2 сотында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 2-курс студенттерімен «Ашық есік күні» өткізілді.  Кездесуде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің 2-курс студенттерін заң ғылымының кандидаты, азаматтық іс жүргізу және азаматтық құқық кафедрасының доценті М.И.Дячук қатысты.

«Ашық есік күні» жариялылықты қамтамасыз ету және сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және  құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында өткізілді.