Архив событий

29/03/2016

«ҚазМұнайГаз» ЖШС-нің екі жүргізушісі алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

29/03/2016

Зайсан аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодектің 608-бабы, 1-бөлігімен  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) қарастырылған құқықбұзушылықты жасаған азаматтарға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиация тәртібімен бітімгершілік келісім бекітілді

29/03/2016

Өскемен қалалық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабын істегі зерттеу актісі және көршілермен ПИК-тің төрағасының түсініктеріне сүйеніп, жауапкердің кесірінен бірнеше рет пәтерін су басқанын айтып көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде бітімгершілікпен шешу мақсатында  өзара келісімге келді. Келісімге сай жауапкер келтірген материалдық және моральдық зиянды өтеу мақсатында талапкерге 150 000 теңге өтеуге міндеттелді.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында халықпен кездесу өткізілді

29/03/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында Катонқарағай ауылының мәдениет үйінде халықпен кездесу  өткізді. Іс шараға  Катонқарағай ауданының БАҚ-ның өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Автокөлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізген

29/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат  С.Стариченковқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс құжаттарына сәйкес, С.Стариченков автокөлік құралын орта дәрежелі масаң күйінде жүргізген.

Сот залынан

29/03/2016

Шығыс-Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша айыпталған азамат С.Ивановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта С. Иванов 2015 жылдың қазан айында  бақшалардың бірінде  жабайы марихуананы  жинап алып, кептіріп, кептірілген марихуананы  өзі жүйелі түрде тұтынып отырғандығы анықталды.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дау медиация тәртібінде реттелді

29/03/2016

Семей қалалық соты  Б.Сармановтың «Тасымал көлігі» ЖШС-нен еңбек ақы берешегін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер  «Тасымал көлігі» ЖШС-де 2014 жылдың 3 қарашасынан бастап 2015 жылдың  21 шілдесіне дейін электрик ретінде жұмыс істеген. Алайда, аталған мерзім аралығында оған еңбек ақысы төленбеген.

Құқықбұзушылармен келтірілген залал мемлекет пайдасына қайтарылды

29/03/2016

Семей қалалық сотында Семей қаласының прокурорының мемлекет пайдасына залалды өндіру бойынша талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Семей қаласының № 2 сотының қаулысымен жауапкерлер ҚК-тің 179- бабымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қарақшылық жасағандықтан сотталған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген, соның салдарынан ол тегін кепілдендірілген медициналық ем қабылдаған. Жауапкерлер мемлекетке келтірілген залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан.

Іс қағаздар жүргізудің жаңа ережесі

29/03/2016

Катонқарағай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысымен бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесін» зерделеу мақсатында семинар сабағы өткізілді.

Әкімшілік қамауға алынды

29/03/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  М.Бегешовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта М.Бегешов отбасы-тұрмыстық қатынастағы азаматшаға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеген және үйдің тыныштығы мен берекесін алғандығы анықталды.

Әкiмшiлiк қадағалау ережелерін бұзған

29/03/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 431-бабы (қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерін өз бетімен тастап кетуінен немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейiн қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жерiне, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, бес тәулік ішінде бармауынан көрінген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару) бойынша Н.Қасымбековке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Глубокое аудандық сотында брифинг өткізілді

29/03/2016

Глубокое аудандық сотының төрағасы Б.Касенов, аудандық прокурорының қызметкері, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері және ауданның БАҚ өкілдерінің қатысуымен, жеке кәсіпкер Н.Чучупаловаға қатысты, аудан тұрғындары арасында дау тұғызған қылмысты іс қаралғаны туралы брифинг өткізді.

Аса ірі көлемді есірткі затын сақтағаны үшін сотталды

29/03/2016

Глубокое аудандық сотында ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша В.Слаутинге қатысты қылмысты іс қаралды.

Істі қарау барысында, В.Слаутин есірткі затын жинау мақсатында, өсіп тұрған жабайы сораны жинап, өзі жеке пайдалану үшін заңсыз кептіріп, аса ірі көлемде сақтағандығы анықталды.

Жол жүру ережесін бұзған

29/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабының, 3-бөлігі (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша азамат М.Қасымовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта М.Қасымов автокөлікпен екі жақты қозғалысты жолда жүріс бөлігінің ортасында орналасқан газонды сол жағынан айналып жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып кеткендігі анықталды.

Балық аулау ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

29/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігі (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) бойынша азамат С.Мұхамеджановқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Риддер қалалық сотында «Айыптау актісін толтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29/03/2016

Риддер қалалық сотында «Айыптау актісін толтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Риддер қалалық прокурорының көмекшісі Б.Омаров, Риддер қалалық ІІБ-нің бастығының орынбасары полиция майоры Н.Белдеубаев, ІІБ-нің тергеу бөлімі бастығы полиция капитаны М.Исин және Риддер қалалық ІІБ-нің тергеушілері мен анықтаушыларының жеке құрамы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Іс-қағаздарды жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өткізілді

29/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе мамандарының қатысуымен «Іс – қағаздарды жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында сот кеңсесінің бас маманы А.Тұякбаева «Іс – қағаздарды жүргізу ережесі» тақырыбында сөз сөйледі. Өз сөзінде А.Тұяқбаева іс-қағаздарды жүргізу ережесі іс –қағаздарды жүргізу және орындау тәртібін белгілейтінін атап айтты.

Отбасы-тұрмыстық қатынастарда құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

29/03/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында азамат А.Құсмановқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны туралы әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан, А.Құсманов өзінің үйінде заңды некедегі жұбайын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.