Архив событий

09/03/2016

Қару ұстаудың тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылды

09/03/2016

Тарбағатай аудандық сотында азамат К.Дүйсенбаевқа  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Сотта азамат К.Дуйсенбаевтің өзінің атындағы занды түрде тіркелген қаруымен Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылының тұрғынының итін ауласында атып өлтіргенгендігі анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс талаптары туралы семинар өтті

09/03/2016

Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптары»  тақырыбында учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен  семинар өткізілді.

Тараптар татуласты

09/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айыпталған азамат Д.Калачевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Д.Калачевтың отбасылық дау-дамай кезінде жәбірленушіге дене  жарақаттарын келтіргендігі анықталды.

Сотта істі қарау кезінде медиатордың көмегімен жәбірленушінің сотталушымен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы арызын ұсынып, соттан  істі қысқартуды сұраған.

Есірткі затын заңсыз дайындап, өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін сотталды

09/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігімен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған  Р.Ефремовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Жарма аудандық сотында «Қоғамдық жұмысқа тарту туралы жазаны қолдануда пробациялық бақылау» тақырыбында семинар өткізілді

09/03/2016

Жарма аудандық сотында «Қоғамдық жұмысқа тарту туралы жазаны қолдануда пробациялық бақылау» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Жарма  ауданының прокуратурасының өкілдері  Г.Тлепбергенов, Д.Бектурганов,  №1 пробациялық бақылау бөлімінің басшысы Г.Шарипова қатысты.

Экономикалық сотта «Талап арыздарды қайтару» тақырыбында семинар өткізілді

09/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьяларға арналған «Талап арыздарды қайтару» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған тақырыпта судья А.Майжанованың баяндамасы тыңдалды. Судья талап арыздарды қайтару үшін Азаматтық процестік кодексі нормаларымен шектелген негіздерді айтып өтті.

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды

09/03/2016

Глубокое аудандық соты ҚР ҚК-нің 191-бабы, 2-бөлігінің 1,4 тармақшасымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін А.Кедоға қатысты айыптау ісі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды.

Сотта,  АКедоның 2016 жылы 11 ақпанда жәбірленушінің үйіне бөтен мүлікті ұрлау мақсатымен келіп, жәбірленушіге қасақана күш көрсету арқылы бағасы 83 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып, оқиға болған жерден жасырынып қалғандығы анықталды.