Архив событий

05/03/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған шара өткізілді

05/03/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған  іс-шара өткізілді.  Мерекелік іс-шараға облыстық сот судьялары және сот мамандары қатысты.  

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасының м.а. М.Комиршинов сот жүйесіндегі әйелдер қауымын  8-Наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.

ШҚО Өскемен қаласының №2 сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы семинар сабағы өткізілді

05/03/2016

Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова мамандар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті күшейту, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі нормаларын сақтау», «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс істеу» тақырыптары бойынша  семинар сабағын өткізді.

Өскемен қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

05/03/2016

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Адилбаева және   судьялар  Э.Мукаев, Қ.Салбанова, «Мой город» газетінің  тілшісі А. Вербамен және «Устинка» газетінің тілшісі А.Ожарованың қатысуларымен брифинг өткізілді.

Судья  Э.Мукаев өз сөзінде, тілшілерге ірі мөлшерде есірткі заты-марихуананы сату мақсатында сақтаған сотталушы О.Гальцоваға қатысты қылмыстық іс туралы айтып берді.Сонымен қатар, судья  Н.Мұкаев енгізілген  «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің мүмкіндіктері және артықшылығы  туралы түсіндіріп өтті.

Тонау және терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін сотталды

05/03/2016

Өскемен қаласының №2 сотында  А.Байбатыровқа  қатысты, тонау және терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағаны үшін сотқа берілген қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Байбатыровтың ағымдағы  жылдың бірінші қаңтарында автобекет ғимаратында В.Токаренкомен спирттік ішімдіктерін ішкендігі анықталды. Спирттік ішімдік ішу кезінде оның кеудесінен екі рет жұдырықпен  ұрып, оның  сырт киімінің қалтасынан ұялы телефонын алып, өзі қылмыс орнынан жасырынып қалған.

Кастетті алып жүргені үшін сотталды

05/03/2016

Өскемен қаласының №2 соты заңсыз суық қаруды алып жүрген О.Лищукке қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, С.Лищуктің 2015 жылдың желтоқсан айында полиция қызметкерлерінің  жедел шаралар жүргізу барысында ұсталғандығы анықталды. Жеке тінту кезінде одан суық қару болып табылатын, кастет табылды.

Сот үкімімен О.Лищук ҚР ҚК-нің 287-бабы, 1-бөлігімен (суық қаруды заңсыз алып жүру) қылмыстық теріс қылық үшін кінәлі деп танылды. Оған алпыс сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Тараптардың арасында медиативтік келісім жасалды

05/03/2016

Өскемен қаласының №2 соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені туралы сотқа берілген Е.Ерболатұлына қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта Е.Ерболатұлының жәбірленуші екеуінің арасында жан-жал туындап, оны жұдырығымен екі рет бетінен, басынан ұрып жібергендігі анықталды. Сот отырысы барысында тараптардың   татуласуына байланысты медиативтік келісімге келді.

Қоғамдық орында есірті затын тұтынған

05/03/2016

Күршім аудандық  соты  ҚК-нің  296-бабы, 1-бөлігімен (қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну) қарастырылған теріс қылықты жасағаны үшін айыпталған азамат К.Ұябаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Семей қаласы №2 сотының ер азаматтары 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен барлық әйелдер қауымын шын жүректен құттықтайды!

05/03/2016

Семей қаласы №2 сотының ер азаматтары 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен барлық әйелдер қауымын шын жүректен құттықтайды!

Сот төрағасы Д.Бұлғынбаев  құттықтау сөзінде жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні екендігін атап өтті.

Зайсан аудандық соты 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай қайрымдылық акциясын өткізді

05/03/2016

Зайсан аудандық сотының ұжымы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі аясында еңбек және тыл ардагерлері,  жалғыз басты қарт аналар 90 жастағы Бағдел Накқожина және 80 жастағы  Несібелді Акишева  апамыздың үйлеріне арнайы барып, қарт аналарды халықаралық аналар мерекесімен құттықтады.

Жарма аудандық сотында мерекелік шара өткізілді

05/03/2016

Жарма  аудандық сотында  8-Наурыз  Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік жиын өтті.

Сот төрағасы Т.Алимханов  ұжымдағы әйелдер қауымын тамаша көктем мерекесімен құттықтады. Әйел адамдардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атай келе,  отбасылық береке-бірлік, еңбектеріне жеміс, армандардың орындалғанын, әдемілікті,  көктемнің жарқын көңіл-күй, сәттілік  тіледі.

Мерекелік жиын барысында  әйелдер қауымына сыйлықтар табыс етілді.

Жарма аудандық сотының

8-Наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді

05/03/2016

Семей қалалық сотында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Құттықтау лебізін білдірумен сөз алған судья А. Секенов: «8 Наурыз мерекесі - біздің сотта ерекше салтанатпен аталып өтілетін мереке. Ұжым басшылығы атынан еселі еңбектеріңіз үшін, жоғары кәсібиліктеріңіз бен жұмыстарыңызға деген зор жауапкершіліктеріңізге алғыс білдіремін», - деп әйелдер қауымын құттықтады. Ұжымда жұмысты үздік ұйымдастыруда көзге түскен нәзік жандарға Семей қалалық соты төрағасының атынан алғыс хаттарын табыстады.

Сот жүйесінің ардагерлерін 8-Наурыз мерекесімен құттықтады

05/03/2016

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қалыптасқан дәстүрменен Семей қалалық соты ұжымының атынан судьялар М.Қырғабақов  пен Е.Әділбеков сот жүйесінің ардагерлері К.Жүкенованы, С.Қопылованы, С.Ғалиеваны, В.Тихомированы, Р.Нанарованы құттықтады.

Әр нәзіктік атаулыға гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Құттықтау лебізін таныту құрметті ардагерлер үшін жағымды әсер қалдырып, олар да ризашылықтарын білдірді.  Өсиет сөздерімен, өмірлік кеңестерімен бөлісті.

Өскемен қалалық сотында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді

05/03/2016

Бүгін көктемгі жарқын мейрам қарсаңында Өскемен қалалық сотында Халықаралық әйелдер күні - 8 Наурызға арналған салтанатты жиын өткізілді.

Іс-шараға Өскемен  қалалық сотының мамандары қатысты.

Іс-шараның салтанатты бөлігі Өскемен қалалық соты төрағасының сөз сөйлеуімен басталды, ол  әйелдерге өзінің ең жақсы ізгі тілектерін білдірді.