Архив событий

11/03/2016

Семей қалалық соты кезекті рет жүлдегер атанды

11/03/2016

2015 жылдың қорытындысы бойынша Семей қалалық соты екінші жыл қатарынан республика бойынша ұйымдастырылған байқау-конкурста үздік үштікке еніп, екінші орынды иеленді.2014 жылы осы конкурста республика бойынша Семей қалалық соты үздік жұмыс көрсеткіштерімен бірінші орынды иеленген болатын.

Бүгін сот ұжымымен ҚР Жоғарғы сотының отставкадағы судьясы, Судьялар Одағының хатшысы С.Райымбаев және Шығыс Қазақстан облыстық сотының Төрағасы Д.Әміров  кездесіп қайтты.

Жеке айыптау қылмыстық ісі медиация тәртібімен реттелді

11/03/2016

Риддер қалалық соты  ҚР ҚК-нің 131-бабы, 1-бөлігімен  (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған  Е.Исаковаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, қаңтар айының аяғында Е.Исакова жәбірленушіні және оның жанұясының мүшелерін балағаттап, қорлағандығы анықталды.

Алимент өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

11/03/2016

Риддер қалалық сотында кәмелеттік жасқа толған баланы асырауға алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралады.

Сотта талапкердің, жауапкердің қызы екендігі, оның «Қазақстан-Американдық еркін университетінің» күндізгі бөлімінде «Шетел тілі» мамандығы бойынша  оқитындығы анықталды.

Еңбек ақыны өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

11/03/2016

Өскемен қалалық сотына қала тұрғыны – С. 1 200 000 теңге еңбек ақысын  өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта, жұмыс берушінің талапкерге  2014 жылдан бері еңбек ақысын төлемей келгендігі анықталды. Еңбек ақысы бойынша қарызы 1 200 000 теңгені құраған.

Сотта істі қарау барысында  судья медиатордың қатысуымен тараптар өзара бітімгершілікке келіп, келісімге сай жауапкер белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша қарыз ақшасын беруге келісті, ал талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартты.

Сот үкімімен адам өлтіргені үшін сотталды

11/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған Е.Наумовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бітімгершілік келісім жасалды

11/03/2016

Зырян ауданының №2 аудандық соты «Бухтарма Инфра Сервис» Комуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жауапкер Б.Аралбаевтан коммуналдық қызметтерді тұтыну бойынша қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта  кәсіпорынның  Октябрьский кентіне жылу энергиясын тасымалдау қызметін көрсететіндігі анықталды. Жауапкер аталған кәсіпорынның тұтынушысы болып табылады. Алайда жауапкер көрсетілген қызмет үшін ақысын төлемеген.  

Өз еркімен емделмегендіктен алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

11/03/2016

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық  соты  алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы  С.Қожановқа қатысты іс қаралды.

Сотта Ақжар ауылының тұрғыны азамат Б-ның  арызы бойынша  інісі С.Қожановтың арақ ішіп, маскүнемдікке салынып, өз еркімен  емделе алмайтынын, нарколог дәрігердің қорытындысы негізінде С.Қожанов мәжбүрлеп емдеу орталығына жіберуді қажет ететіндігін көрсеткен.

«Сот кабинеті» сервисінің жаңашылдықтары

11/03/2016

Катонқарағай аудандық сотында «Сот кабинет»  сервисінде  жаңадан өзгерістер еңгізілуіне байланысты таныстыру семинары өткізілді.

Семинарға мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, адвокаттар мен аудан азаматтары қатысты.

Жаңа АПК талқылауға арналған халықпен кездесу өткізілді

11/03/2016

 Самар ауылы әкімдігінде Көкпекті ауданының №2 аудандық соты жаңа АПК түсіндіру мақсатында халықпен кездесу өткізді.

Кездесуге ішкі істер органдар өкілдері, мекеме басшылары, заңгерлер, нотариустар қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

11/03/2016

Риддер қалалық соты  ҚР ҚК-нің 131-бабы, 1-бөлігімен  (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған  Е.Соболеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта сотталушы Е.Соболеваның ұзақ уақыт бойы жәбірленуші  балағаттап, ар-намысын кемсітіп  келгендігі анықталды.

Сот талқылауы кезінде жәбірленуші мен сотталушының медиативті келісімге келулеріне байланысты сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш түсті.

Әкімшілік іс қаралды

11/03/2016

Күршім аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 610–бабы 1-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы)  Д.Науқанға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқықбұзушының өзі басқарып келе жатқан автокөлікті белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен жүргізбей, басқа көлік құралымен қақтығысып, оған  залал келтіргендігі анықталды. 

Әкімшілік қамаққа алынды

11/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында азамат А. Гольцевті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.

«ЮНИСЕФ» өкілімен кездесу өткізілді

11/03/2016

Семей қаласының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданарылық сотының төрағасы Р.Ақпар  Біріккен Ұлттар Ұйымының «ЮНИСЕФ» Балалар  қорының өкілі И.Мацкевичпен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында  тараптар  кәмелетке толмаған жәбірленушілер мен куәларға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталушыларға арналған сотта мамандандырылған бөлмелерді қарастыру туралы мәселелер талқыланды.

Қылмыстық теріс қылық медиация тәртібімен қысқартылды

11/03/2016

Көкпекті аудандық сотына Қылмыстық кодекстың 108-бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыптау туралы Ж.Шынарбековқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта азамат Ж.Шынарбековтың масаң күйінде жәбірленушіге қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтіргендігі анықталды. 

Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды рәсімдеу барысында туындайтын проблемалық сұрақтар мен әкімшілік істерді жинау кезінде процесуалдық талаптардың сақталуы» тақырыбында семинар өткізілді

11/03/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары Е.Кудербаев пен Ф.Камалов Өскемен қаласы ІІБ-да өткен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды рәсімдеу барысында туындайтын проблемалық сұрақтар мен әкімшілік істерді жинау кезінде процесуалдық талаптардың сақталуы» атты семинар-кеңеске қатысты.

Аталған шараға Өскемен қаласы ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің басшысы А.Соколовский, Өскемен қаласы ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің инспекторлары мен жол – патрульдік қызметі тобының инспекторлары қатысты.