Архив событий

14/03/2016

Египет азаматы ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

14/03/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Египет азаматы Islam Mohamed Abdelaziz Mohamed Younes қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот орындалмаған атқару құжатын қайтарған сот орындаушысының заңсыз әрекетіне қатысты өндірушінің шағымын қанағаттандырды

14/03/2016

Семей қалалық соты мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне  және оның орындалмаған атқару құжатын қайтару туралы қаулысының күшін жою туралы Е.Темірбаевтың шағымы бойынша азаматтық істі қарады.  

Сотта,  Семей қалалық сотының 2010 жылы 19 шілдедегі шешімімен В.Гейсттен Е.Темірбаевтың пайдасына 1 000 000 теңге көлемінде келтірген моральдық зиян және  54 038 теңге материалдық шығын өндірілгені анықталды.

Соттың жеке ұйғарымы заңның бұзылуына қарсы тұру шарасы болып табылады

14/03/2016

Семей қалалық соты еңбек заңдылығы бұзылуының анықталуына орай  Еңбек Департаментінің еңбек заңдылығының сақталуын жеткізуде еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторына қатысты жеке ұйғарым шығарды.

Жеке ұйғарым М.Шамсутдиновтың «Казахцемент» ЖШС-нен еңбек ақы берешегін, іс-сапарлық шығындар мен моральдық шығын өтемақысын өндіру бойынша ісін қарау барысында шығарылды.   

«Медиация кабинеті» ашылды

14/03/2016

Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Бородулиха аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы К.Райымбековтың, Бородулиха ауданы прокурорының көмекшісі В.Колесниковтың, кәсіби емес медиатор В.Шкоданың, Бородулиха ауданы әкімі аппаратының заңгерлік бөлімінің басшысы А.Қубаеваның, кеңсе мамандарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен салтанатты түрде «Медиация кабинетінің» ашылу рәсімі болып өтті.

Бесқарағай аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/03/2016

Бесқарағай аудандық соты ҚК-тің 188 бабы, 2-бөлігі, 1,2,3, тармақтарымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Т. Уалихановқа қатысты, ҚК-тің 188-бабы, 2-бөлігі, 1,3 тармақтары бойынша А.Құсаиновқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, Т.Уалихановтың дәмхана жанында орналасқан қоймадағы мүлікті ұрлап, 237 600 теңге материалдық зиян келтіргендігі анықталды. Т.Уалиханов А. Құсаиновпен сөз байласып, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның гаражынан мүлікті ұрлап, 88 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

14/03/2016

Күршім аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) сәйкес Б.Жұмажановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  құқықбұзушы қоғамдық тәртіпті бұзып,  ІІБ –нің ғимаратында былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргендігі анықталған.

Келтірілген моральдық зиянның өтемі өндірілді

14/03/2016

Өскемен қалалық сотында 80 000 теңге көлемінде келтірілген моральдық зиянның өтемін  өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта  жауапкердің  қоғамдық орын саяжайда бол тура жан-жал шығарып, талапкерге балағат сөздер айтып оны қорлағандығы анықталды.

Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Ж әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған әкімшілік жаза 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.  Қаулы заңды күшіне енді.

Риддер қаласының соттары «Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңын қолдану тәжірибесі мен ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

14/03/2016

Риддер қалалық соты «Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңын қолдану тәжірибесі мен ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Өскемен қалалық сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты тақырыпта семинар өтті

14/03/2016

Өскемен қалалық сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты тақырыбында семинар өтті.

Семинардың жұмысына сот төрағасы Б.Тайтөлеуов, судьялары, кеңсе меңгерушісі Ж.Касенова, сот мамандары және ШҚО МККБ 1-ші ПБ взвод командирі полиция лейтенанты А.Ерсалимов қатысты.

Семинар барысында ШҚО МККБ 1-ші ПБ взвод командирі полиция лейтенанты А.С. Ерсалимов соттардың ғимараттарында және қызметтік үй-жайларында болу туралы баяндамасын оқып, сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

14/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық  сотында бас маман Е.Бекенова «Әдеп Кодексі» тақырыбында  кеңсе мамандары арасында семинар өткізді.

Өз баяндамасында бас маман Е.Бекенова мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылатындығын атап өтті.

«Мәмілелерді жарамсыз деп тану» тақырыбына семинар өткізілді

14/03/2016

Риддер қалалық сотының судьялары арасында «Мәмілелерді жарамсыз деп тану» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға сот судьялары қатысты.  

Ж.Кушнирук  өз баяндамасында Азаматтық кодекстің талаптарын, мәмілелерді заңсыз деп танудың белгіленген негіздеріне тоқталды.