Архив событий

18/03/2016

Жеке тұлға заңсыз материалдық сыйақы бергенi үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 676-бабымен (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi)  қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған  Р.Жағпаровқа қатысты әкімшілік істі қарады. 

Қарақшылық жасағандары үшін сотталды

18/03/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 192-бабы, 2-бөлігі, 1,3- тармақтарымен  (қарақшылық, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiру) қарастырылған А.Климовқа, В.Климовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Семей қалалық соты мен Семей қаласының Қазақ инновациялық университеті арасында меморандумға қол қойылды

18/03/2016

Білім әрдайым жаңаланып, дағды, икемділі­к, құзыреттілікті жинақтағанда ғана құнд­ылығы артпақ. Семей қалалық соты мен Қазақ инновациялы­қ университеті арасында әріптестік  турал­ы меморандумға қол қойылып, оның аясынд­а әр сәрсенбі сайын жоғарғы оқу орнының екінші әрі үшін­ші курстарында білім алудағы 40-тан аса ­студент сотта дуалды білім алудан өтеді­.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

18/03/2016

Тарбағатай  ауданының  №2 аудандық сотында ««Сот кабинеті»  сервисінің қызметін пайдалану», «Электрондық  құжат және  электрондық  цифрлық қолтаңба»  атты тақырыбында  семинар  сабағы  өткізілді.

Семинар сабағына кеңсе  меңгерушісі  Б.Тоқтасынова және сот мамандары қатысты.

Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтау және өткізу фактісі бойынша үкім шығарылды

18/03/2016

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 1,3-тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау және сату) қарастырылған  қылмысты жасағаны үшін  айыпталған А.Кузнецов пен Д.Волчуковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Зайсан аудандық сотында брифинг өткізілді

18/03/2016

ШҚО Зайсан аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңының жаңашылықтарына арналған брифинг өтті.

Брифингке  Зайсан аудандық сотының  судьялары Н.Хасенбаев, Г.Нуртазинова, Ш.Оспанова, прокурордың  орынбасары  Р.Закариянов, полиция бөлімінің  қызметкері  А.Абдрахманова, «Достық» газетінің  тілшісі А.Ақыт қатысты.

Табиғи балды шекарадан өткізгені үшін айыппұл салынды

18/03/2016

Үржар ауданының №2 аудандық соты ӘҚБтК 545-бабымен  (Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн  сақтамау) қарастырылған ҚХР азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта ҚХР азаматы «Бақты» кеден бекетінде кедендік бақылаудан өтіп бара жатып, Қазақстан Республикасының шығаруға рұқсат ететін тиісті құжаттарсыз 165 кг табиғи балды өткізбекші болғандығы анықталды.

Көкпекті аудандық сотында сайлау қарсаңында «Азаматтардың сайлау құқықтарын сотта қорғау» тақырыбында брифинг өткізілді

18/03/2016

Көкпекті аудандық сотында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы «Азаматтардың сайлау құқықтарын сотта қорғау» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен  брифинг  өткізілді.

Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы өз баяндамасында әр адамның сайлауға немесе сайлануға, референдумға қатысуға құқығы бар екенін, және аталған құқық бұзылған жағдайда жазбаша арызбен сотқа жүгінуге болатындығын айтып өтті. Сонымен қатар, аталған  арыздардың берілу және қаралу тәртібін түсіндірді.