Архив событий

28/03/2016

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында семинар өткізілді

28/03/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 05.03.2016 жылғы өкімімен 2014 жылғы 17 шілдесінде №351 «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы», 2014 жылғы  31 желтоқсандағы № 574 және 2015 жылғы 2 қыркүйегінде № 393 «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» өкімдерінің күші жойылып, аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізудің жаңа ережесі бекітілді.

Ұлан аудандық сотында ««Сот кабинеті» сервисіндегі «Әкімшілік істер бойынша шағымдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/03/2016

Ұлан аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисіндегі  «Әкімшілік істер бойынша шағымдар (наразылықтар)»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға аудандық сот төрағасы М.Халмұрзаев, тергеу судьясы А.Нұрғазин, судья Х.Тлеубергенова, сот отырысының хатшысы С.Ашимжанова, сот отырысының хатшысы А.Ғайсина қатысты.

Ұлан аудандық сотында «Жеке айып тағу және қылмыстық теріс-қылықтар істерін қарау кезіндегі туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

28/03/2016

Ұлан аудандық сотында «Жеке айып тағу және қылмыстық теріс-қылықтар істерін қарау кезіндегі туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында семинарсабағы өткізілді.

Шараға Ұлан аудандық сотының судьялары және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы М.Халмұрзаев өз баяндамасында учаскелік полиция инспекторларының аталған материалдарды рәсімдеу және жолдау кезіндегі жіберілетін қателіктерін атап өтті.

Неке медиацияның көмегімен сақталды

28/03/2016

Өскемен қалалық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды. Сотта, тараптардың некеде  және олардың ортақ некеден екі балалары бар екендігі анықталды. Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт мінездері сәйкес келмегендіктен бөлек тұрған. Сотта істі қарау барысында тараптар медиациялық келісімге келіп, татуласуларына байланысты талап-арыздарынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген.

ҚР аумағынан шығару туралы шешімді орындамағаны үшін сотталды

28/03/2016

Зырян ауданының №2 аудандық соты ҚК-тің 393-бабымен (шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімді орындамауы) қарастырылған Ресей Федерациясының азаматы А.Пеняскинге қатысты қылмыстық істі қарады.

Медиаторлар ерлі-зайыптыларды татуластырды

28/03/2016

Өскемен қаласының №2 сотында денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін сотқа берілген И.Чигинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта И.Чигин жәбірленушінің жұбайы бола тұра алкогольді масаң күйінде, жан-жал кезінде жарының етінен ұрғандығы анықталды. Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келген.

Соттың қаулысымен И.Чигинге қатысты қылмыстық іс жеке айыптаушының айыптауынан бас тартуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Зырян ауданының № 2 аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

28/03/2016

Зырян ауданының № 2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 611-бабы, 3-бабы (жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет) бойынша В.Палагинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, В.Палагин көлік құралын басқару құжатынсыз, алкогольді масаң күйінде автокөлігін жүргізіп келе жатып, тұрған автокөлікті қағып өтіп, жол көлік оқиғасы болған жерді тастап, кетіп қалған.

Риддер қалалық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/03/2016

Риддер қалалық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді Шараға Риддер қалалық прокурорының көмекшісі Б.Омаров, Риддер қалалық ІІБ-нің орынбасары полиция майоры Н.Белдеубаев, ІІБ-нің тергеу бөлімінің басшысы полиция майоры М.Исин және тергеу, анықтау бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Халыққа қызмет көрсетуге бағытталған сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді

28/03/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында «Халыққа қызмет көрсетуге бағытталған сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында «Ашық есік күні» ұйымдастырылып өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Г.Шакирова сотқа келген азаматтарды арыз-шағымдардың үлгілерімен таныстырып, өз арыздарын «Сот кабинеті» арқылы электрондық тәртібімен құжаттарын сотқа тапсыру тәртібін түсіндірді.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» бағдарламасы арқылы электрондық құжаттарды толтыру» тақырыбында семинар өткізілді

28/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» бағдарламасы арқылы электрондық құжаттарды толтыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Өскемен қаласының №2 сотында медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

28/03/2016

Өскемен қаласының №2 сотында «Медиациялық тәжірибені қолдану. 2015 жылдың 1-тоқсанын 2016 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда, медиацияны қолдану арқылы қылмыстық істерді қарап қорытындысын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға судьялар С.Бекишева, К.Садуақасова, Э.Мукаев, «Бірыңғай медиация орталығы және бейбітшілдік» медиаторлары М.Дячук, Т.Танекенова қатысты.