Архив событий

15/03/2016

Өскемен қалалық сотында «Төрелік» жүйесі арқылы сот орындаушыларының материалдарды санкциялау үшін сот органына жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/03/2016

Өскемен қалалық сотының судьясы А.Володкина «ТӨРЕЛІК»  жүйесі арқылы сот орындаушыларының материалдарды  санкциялау үшін сот органына жолдау» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізді. 

Дөңгелек үстелге  Өскемен  қалалық сотының судьялары Л.Зинашева, Ж.Нұрсалинова, А.Рамазанова, кеңсе меңгерушісі Ж.Касенова, Өскемен қаласының  мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

15/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің денсаулық сақтау басқармасының Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-сі «Ақбота» ЖК А.Чукубаеваға мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

ШҚО экономикалық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинар өткізілді

15/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Семинар сабағында сот кеңсесінің барлық мамандары қатысты.

Ұрлық жасағаны үшін сотталды

15/03/2016

Глубокое аудандық соты ҚР ҚК-нің 191-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағымен  (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіру) қарастырылған Е.Дюсуповқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот актісін орындамағаны үшін айыппұл салынды

15/03/2016

Күршім аудандық соты  ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот  актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  қарастырылған К.Ибраевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта  К.Ибраевтың «Күршім мал дәрігері» КМК-нің басшысы бола тұра, жауапкердің   «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-мен еңбек міндеттерін атқарған кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасауға міндеттелген сот шешімін орындамағандығы анықталды.  

Ұлан аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

15/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық соты отбасы - тұрмыстық қатынастағы заңсыз әрекет  жасаған Ұлан ауданы, Тарғын ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес,  құқықбұзушы үйіне келіп, әйелімен ұрсысып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында жәбірленуші мен құқықбұзушы  кәсіби медиатордың қатысуымен дауды реттеу туралы  бітімгершілік келісімге келді.

Өскемен қалалық соты материалдық шығынды өтеу туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

15/03/2016

Өскемен қалалық сотында  материалдық шығынды өтеу туралы азамат П-ның  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар өзара келісіп талапкер жауапкерге «Kaspi bank»  АҚ-нан бір мерзімге 250 000 теңге несие алып бергендігі анықталды. Банктің  сыйақы  мөлшерімен есептегенде жауапкер талапкерге 280 536 теңге қайтару керек болған. Жауапкер талапкерге ай сайын 23 400 теңге төлеп туруға міндеттелгені  жөнінде қолхат жазған. Алайда  70 000 теңгені төлеген соң, төлемді төлеуді тоқтатқан. Соның салдарынан банк алдында несиенің төлемі артқан.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өткізілді

15/03/2016

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Көлікті жалға алу туралы келісім шартты бұзу және қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

15/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотында көлікті  жалға алу туралы  келісім шартты бұзу, автокөлікті қайтару, қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта  жауапкердің  автокөлікті  жалға алу туралы   нотариалды түрде  бекітілген келісім шарттың, өтем ақысына қатысты талаптарын орындамағандығы анықталды. Жауапкер келісім шарттың негіздерін бұза отырып жалға алу  өтем ақысының  өсуіне жол берген.

Тараптар татуласты

15/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының Зырян  аудандық сотында  ҚР  ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айыпталған азамат Д.Мұратқанға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Д.Мұратқан отбасылық дау-дамай кезінде жәбірленушіге дене  жарақаттарын келтіргендігі анықталды.

Сотта істі қарау кезінде медиатордың көмегімен жәбірленушінің сотталушымен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы арызын ұсынып, соттан  істі қысқартуды сұраған.

Кәсіби емес медиатордың қатысуымен отбасы сақталынып қалды

15/03/2016

Зырян аудандық сотына азамат К. неке бұзу туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта  талапкердің 2008 жылдан бері жауапкермен заңды некеде тұрғандығы, некеде ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балаларының бар екендігі анықталды. Соттан  мінездерінің үйлеспеуінен бірлескен өмірлері қалыптаспағанын көрсете отырып некелерін бұзуды сұраған.

Сотта істі қарау барысында жанұялық дау реттеліп, отбасы кәсіби емес медиатордың көмегімен сақталынып қалды.

Неке бұзу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

15/03/2016

Зайсан аудандық сотында Н.Касенованың арызы бойынша неке бұзу туралы азаматтық іс кәсіби емес медиатордың  қатысуымен  қаралды.

Сотта  азамат Н.Касенова 2000 жылдан бастап А.Тожыбаевпен бірге тұратынын, араларында кәмелетке толмаған үш балаларының бары белгілі болды. Сотқа берген арызда тараптардың  2015 жылы заңды  түрде некелескендері көрсетілген, мінездерінің келіспеушіліктерінен некені бұзуды сұраған.

Ішкі істер органдарының рұқсатынсыз қаруды сақтағаны үшін айыппұл салынды

15/03/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 482-бабы, 1-бөлігі (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша  қарастырылған азамат Г-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Қарызды өндіру туралы дау медиативтік келісім бекітумен қысқартылды

15/03/2016

Үржар аудандық соты С.Абдолланың И.Мырзахметовтан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта, жауапкердің 2015 жылдың желтоқсан айында талапкерден  330 000 теңгеге бағаланған 2 жылқы алып,  белгіленген мерзімге дейін төлеп беруге міндеттелгендігі анықталды. Алайда, уәделі уақыт өтсе де жауапкер өз міндетін орындамаған.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында брифинг өткізілді

15/03/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында ««Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арыздарды сотқа жолдау тәртібі және Сот кабинеті сервисіндегі  «Әкімшілік істер бойынша шағымдар (наразылықтар)» жаңа функционалы» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке аудандық соттың қызметкерлері, аудандық прокуратураның, адвокаттар, ауылдық округі аппаратының және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты «Сот кабинеті» сервисі туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

Неке медиация тәртібімен сақталды

15/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық соты неке бұзу туралы азаматтық істі қарады.

Сотта тараптардың ортақ некеден екі балалары бар екені, мінездері жараспағандықтан соңғы уақыттарда бөлек тұрып жатқандықтары анықталды.

Тараптар дауды кәсіби емес медиатордың көмегімен реттеп және соттан істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Сот ұйғарымымен  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, істі өндірістен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық іс медиция тәртібінде қысқартылды

15/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 1,3-тармақтарымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған әрекеттер) қарастырылған қылмысты жасаған П.Конев пен Р.Қасабулатовқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.