Зырян аудандық сотында жаңа судья тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық сотының  төрағасы А.Е.Исмагулов ұжымға жаңадан тағайындалған судья Б.А.Шамшаеваны таныстырды.

Шамшаева Бибигуль Абаевна 1972 жылы 25 маусымда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы қаласының Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясын бітіріп,  18 жыл заңгерлік салада жұмыс істеген.  2017 жылдың 22 қыркүйектегі №551 «Қазақстан Республикасы соттарының судьялары мен төрағаларын қабылдау және жұмыстан босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Зырян аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

А.Е.Исмагулов  жаңадан тағайындалған судьяны құттықтап, жұмыста сәттілік және алда жетістіктерге жетуді тіледі.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі