Жүргізу куәлігінен айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар ауданының № 2  аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының, 1-бөлігімен (ішкі істер органының қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау)  азамат   И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, азамат  И. Үржар ауылында көлігін басқара отырып,  ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 613-бабы, 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

 

Үржар ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі