Жолдың қарсы бағыттағы қозғалысына арналған бөлігіне шыққан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, Е. өзінің басқаруындағы автокөлікпен Өскемен қаласы Қабанбай батыр көшесі №148 үйдің маңында, төрт жолағы бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда жолдың қарсы бағыттағы қозғалысына арналған жағына шығып, сол боймен қозғалған.  

Сот қаулысымен Е. ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енгізілді.        

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі