Жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша медиация қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотымен жеке айыптаушы  Щ-ның М-ға қатысты  ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген қылмыстық теріс қылықпен айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.      

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы Щ-дан және сотталушы М сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.

Сотқа жеке айыптаушы Щ мен сотталушы М-ның арасында кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативті келісім ұсынылды, оның шарты бойынша тараптар істі қысқартуды өтінген.

Сот қаулысымен  ҚК-тің 108-бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылықты жасаған М-ны айыптау туралы қылмыстық іс айыптаушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен қысқартылды.         

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі