Жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша медиация

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотымен жеке айыптаушы С-ның К-ға ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген қылмыстық теріс қылықпен айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.              

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы С мен сотталушы К-дан сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты істі қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.

Сотқа жеке айыпкермен сотталушының арасында кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативті келісім ұсынылды, оның шарты бойынша тараптар істі қысқартуды өтінген.

Сот қаулысымен  ҚК-тің 108-бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылықты жасаған А.Козловты айыптау туралы қылмыстық іс айыптаушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.        

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі