Жарма ауданының №2 аудандық сотында тараптар медиация жолымен келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма ауданының №2 аудандық сотында талап қоюшы С.-ның жауапкер К.-дан қарызды өндіріп беру туралы талап арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.

25 шілде 2017 жылы жауапкер К. 120 000 теңге құрайтын жиһаз алған, ақшаны 30 шілде 2017 жылы қайтарып беруге міндеттенген.  Алайда, жауапкер К. қарызды белгіленген уақытта қайтармаған. Сондықтан, талапкер С. пайдасына  120 000  теңге қарызды, 4000 теңге жолға кеткен шығының және  1200 теңге мемлекеттік бажға кеткен шығының өндіріп беруді соттан сұраған.

Сот  отырысында тараптар дауды (жанжалды) өзара медиация тәртібімен реттеуге келісімге келгендерін айтып, татуласуға ниет білдірді. 

Өткізілген медиация нәтижесінде талапкер С. талабынан бас тартты, ал жауапкер К.  2017 жылдың  қараша айының  11 күніне дейін  талапкер С.-ға 120 000 теңге қарызын қайтарып беруге міндеттенді.

Сот медиация келісімін бекітіп, іс бойынша өндірісті қысқартты.

 

Жарма ауданының

№2 аудандық сотының

баспасөз қызметі