Зейнеткерлер мен қарттарды әрқашан құрметтеу қажет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1-қазан күні жер шарының көптеген елдерінде қарттар күнін тойлайды, біздің мемлекетіміздің көптеген өңірлерінде бұл айтулы мерекеге  арналған шаралар өткізіледі.

Бұл күні Катонқарағай аудандық сотында 10 жылдан артық жүргізуші болып қызмет еткен зейнеткер  Миллер Анатолий Владимирович назардан тыс қалмады.

Шара барысында сот төрағасы Б. Т. Секербеков ұжымның және жеке өз атынан Анатолий Владимировичті құттықтап зейнеткерлер мен қаттарды әрқашан құрметтеу тиіс екендігін айтып, естелік сыйлық сыйлады.

Кездесу соңында Анатолий Владимирович жұмыс атқарған  уақытты еске алып, өзінің бұрынғы ұжымына алғысын білдіріп, риза болғанын айтты.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі