Зайсан аудандық сотының төрағасы азаматтарға жеке қабылдау өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев соттың ашықтығын, жариялығын және қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында Қарабұлақ ауылдық округінде болып, халықпен кездесу өткізді, кездесу соңында округ азаматтарына жеке қабылдау жүргізді. Жеке қабылдауға Қарабұлақ ауылының төрт азаматы жазылды.

Жеке  қабылдауда болған бірінші азаматша жылжымайтын мүлікті жариялау науқаны кезінде өзі тұрып жатқан үйді жер телімімен бірге заңдастырып алғанын, қазіргі күні көршісімен арада жер дауы туындағанын айтып, дауды шешудің жолын сұраған.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының жетекшілері өздеріне тиесілі шаруа қожалығының жеріне мұнай барлап жүрген Қытай компаниясының жұмыскерлері рұқсатсыз қазба жұмыстарын жүргізгендерін айтып, бұзылған құқықарын қорғау жолдарын сұраған.

Сот төрағасы жеке қабылдауға келген жоғарыдағы азаматтардың қойған сауалдарына заң тұрғысынан  жан-жақты толыққанды жауаптар берді.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі