Зайсан аудандық соты тоғыз айда атқарған жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында 2017 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат өкілдеріне баспасөз-мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихаты барысында соттың төрағасы  Б.Н.Мергембаев аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап, аудандық соттың жұмысы негізінен соттың ашықтығын, қол жетімдігін қамтамасыз етуге, сот төрелігінің сапасын арттыруға, істерді қарауда  созбалаққа салуды болдырмауға, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

2017 жылдың тоғыз айында сотпен 135 қылмыстық, 626 азаматтық, 655 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралған, барлығы 1416 іс, осы қаралған істердің 151 медиациялық тәртіппен қаралып, медиациялық келісім-шарт негізінде тоқтатылған, бұл барлық қаралған істердің 10,7 пайызын құрайды.

Соттың ашықтығын, қолжетімділігін және беделін көтеру мақсатында сотпен барлығы 250  іс-шара атқарылған, оның ішінде 3 «ашық есік» күн, 30 мақала, 45 брифинг, 40 дөңгелек үстел, 4 баспасөз маслихаты, 8 халықпен кездесу, 32 дәріс, 88 семинар сабақтары өткізілген.

Баспасөз мәслихаты  барысында сот төрағасы БАҚ өкілінің аудандық сот жұмысының тоғыз ай қорытындысына байланысты қойылған сұрақтарына жауап беріп,  сөз соңында баспасөз-мәлихатына қатысушыларға алғысын жеткізді.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі