Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотымен  ҚК-нің 214-бабы,  1-бөлігі (елеулі ауқымда акцизделетін тауарларды сақтауға және сатуға ұштастыра арнайы рұқсатынсыз (лицензиясыз) заңсыз кәсіпкерлік қызмет) Б-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Басты сот талқылауында анықталғандай, Б. өз үйінде мемлекеттік лицензиясынсыз спирттік ішімдіктерді заңсыз сақтап, сатқан.

Тауартану сараптама қорытынды бойынша, кідіртілген тауарларды нарықтық құңы 3 363 449 теңгені құраған.

Сот үкімімен Б. ҚК-нің 214-бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған  жаза түрінде 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Бородулиха аудандықсотының

баспасөз қызметі