Заңды діни қызметке кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмас) азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта   С.  Шолпан ауылының мешітіне келіп жамағаттың көзінше мешіттің ішкі тәртібі дұрыс еместігі туралы сөздер айтқаны, сонымен қатар, Шолпан ауылының мешітінің бас имамының заңды діни қызметіне кедергі келтіргені анықталды.

Сот отырысында құқықбұзушы С. өз кінәсін мойындамағанына қарамастан, аталған әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны куәлардың  берген жауаптарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен азамат С. ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 113 450  теңгеге мемлекет пайдасына айыппұл жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі