Заңды білмеушілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 482- бабының 1- бөлігімен азамат  К.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы қаруды Ішкі істер органына тіркемей, заңсыз сақтаған.

Соттың қаулысымен құқықбұзушы кінәлі деп танылып, көрсетілген құқықбұзушылықты жасағаны үшін, оған  20  айлық есептік көрсеткіш көлемінде 45 380 теңге  әкімшілік айыппұл салынып,  азаматтық қару мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі