Үй салуға арнайы рұқсат алмаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463- бабының 1-бөлігімен (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді /операцияларды/ жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) азаматша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес,  «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-мен 01.03.2017 жылы  А. Күршім ауылы Захаров  көшесі, 23 үй мекен жай бойынша заңсыз, тиісті органға құрылыс жұмастары басталғаны туралы хабарламай тұрғын үй салғаны анықталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оған  15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салынып, тәркілеу қолданылмаған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі