Үржар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз-конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар ауданының №2 аудандық сотының төраға м.а. Р.Н.Токтаров 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі М.Саябаевтың қатысуымен баспасөз-конференциясын өткізді.

Төраға м.а. Р.Н.Токтаров қысқаша 2017 жылдың 9 айының қорытындысына тоқталды.  Осы аталған уақытта  сотпен 55 қылмыстық іс, 317 азаматтық  және 235 әкімшілік істер қаралды. Тараптардың бітімгершілікке  келуі  нәтижесінде  медиация тәртібімен 64 іс қысқартылған, оның ішінде 23 қылмыстық, 20 азаматтық және 21 әкімшілік істер.

Қазіргі заман талабына сай «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа азаматтық өндірісі бойынша 368 арыз түсті,  ол жалпы түскен арыздардың 100 пайызын құрайды, оған қоса әкімшілік құқық бұзушылық істер де осы  «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсуде.

Сонымен қатар, қатысушыларға дауларды сотқа дейінгі реттеу, бітімгершілік рәсімдері, соттардағы инновациялық технологиялар жөнінде кеңінен және қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды мәселелерінің бірі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру және істерді уақтылы қарау жөнінде ақпарат берілді.

 

Үржар ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі