Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 149-бабының, 2-бөлігімен азамат Д-ны, айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Азамат  Д, түнгі уақытта алкоголдік масаң күйінде бұрын азаматтық некеде болған Н-ның тұрғынжайына оның еркінен тыс заңсыз басып кірген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сай тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Зайсан аудандық сотының үкімімен Д, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалды, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

 Үкім заңды күшіне енбеген.

 

Зайсан аудандық сотының

 баспасөз қызметі