Тарбағатай аудандық сотында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеңсе меңгерушісі А.Касенгалиева сот кеңсесі мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының 05.03.2016 жылғы №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесінің 7-8 тарауларына  сәйкес  семинарлық сабақ өткізді.

Семинарлық сабақ барысында сот төрелігінің ашықтылығы және қолжетімділігн қамтамасыз етудің бірден бір жолы электронды ақпаратты пайдаланудың тиімділігіне баса назар аударды.

Қатысушыларға арызды (шағымды) тіркеу туралы талонда көрсетілген ұялы байланыс абонентік нөмеріне немесе электрондық адресіне арызданушыға немесе жауапкерге істің номері туралы электрондық хабарландыру, «Сот құжаттарымен танысу» электрондық ақпараттық сервисінде авторлану үшін логин мен пароль жіберудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ сот отырысының хатшысы іс қаралып, сот актілері шығарылғаннан кейін жасалатын жұмыстарды пысықтады.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі