Тарбағатай аудандық сотында Пилоттық жоба аясында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова Пилоттық жобаны насихаттау мақсатында өңірлік БАҚ-ның өкілінің қатысуымен  брифинг өткізді.

Шараға жергілікті «Біздің Заман» газетінің редакторы Е.Құттыбаев қатысты.

Сот төрағасы К.М.Садуакасова Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосқандығы туралы айтты. Бұл Пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі тиісті ереже Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен бекітілген.

Жоба - мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу, шығару және кондоминиум басқару мәселелері, қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медаицияны міндетті түрде жүргізуді қамтуға бағытталған.

Қортындылай келе сот төрағасы К.М.Садуакасова жоба татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталғанына назар салды. Жәнеде қоғамдағы шиеленістің төмендеуіне әкеліп соқтыратын тиімді жақтарын көрсетті.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі