Тарбағатай аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шараға судьялар және кеңсе мамандары қатысты. Шараны үйымдастырушы «Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасындағы 1-10 қадамдар кәсіби мемлекеттік құруға бағытталғанын тағы бір назарға салды.

Біздің еліміздегі мемлекеттік билік заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, барлық мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қалыптасқандығына тоқталды.  Яғни мемлекеттік органның қайсысын алсақта бірінші кезекте мемлекеттік қызмет атқарудың ортақ қағидаттарының сақталуы жолға қойылғанын түсіндірді.

Олардың бастысы – заңдылық, қазақстандық патриотизм, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы, мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық деп айтуға болады деп тұжырымдады.

Ал мемлекеттік қызмет көрсетудегі мемлекеттік билікке деген жұрттың сенімін қалыптастырудың басты өлшемі ретінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы ерекше орын алатынына тоқталды.

Дөңгелек үстелғе қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ортақ ойларымен бөлісті.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі