Тарбағатай аудандық сотында ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрағасы К.М.Садуакасова судьялар мен кеңсе мамандарының арасында ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады.

Шараға қатысушыларға Елбасымыздың жаһандану жағдайында ұлттық мемлекет құрудың жауапкершілігі ХХІ ғасырдағы  ұлттық сананы жаңғыртудың маңыздылығы туралы айтқандарын түсіндірді.

«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту» дегеніне ерекше тоқталды.

Неге десеңіз ұлттық сана оянса онымен бірге құқықтық сананың да көкжиегі кеңейіп, құқықтық мәдениеттің көтерілетінін жеткізді.

Яғни, «Қазақстанның 2010-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасындағы»  сот-құқықтық реформаның түпкі мақсаты құқықтық мәдениетке жету, сол арқылы ұлттық заңнаманың құқықтың нормаларын жаңғырту болатын атап айтты.

Бүгінгі «Медиация» институты, азаматтық заңнамалардағы партисипативтік рәсімдер ұлттық құқық нормаларының жаңғыруы екенін назарға салды.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі