Тарбағатай аудандық соты «Сот кабинеті» мобильдік қосымша сервисін насихаттау мақсатында ашық есік күнін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық соты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы бойынша  филиалы –«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Тарбағатай аудандық бөлімшесіңде «Сот кабинетінің» мобильдік қосымшасын азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба беру жөніндегі пилоттық жобасын тұрғындар арасында насихаттау және енгізілген жаңашылдықтарын түсіндіру мақсатында ашық есік күнін өткізді. 

Тарбағатай аудандық сотының бас маманы Д.Бектасова  және Тарбағатай аудандық бөлімшесінің халыққа қызмет көрсету орталығының маманы М.Шаяхметов  ауыл тұрғындарын «Сот кабинетінің» мобильдік қосымшасы іске қосылғаны туралы ақпараттандырды.  

Д. Бектасова «Сот кабинетінің» мобильдік қосымшасы  электрондық  өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдары қызметінің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге,  сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының сот жүйесіне заманауи электрондық технологияларды енгізу халыққа сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін елеулі түрде көтеруге мүмкіндік береді.

Іс шара соңында, азаматтарға ЭЦҚ, электронды талап арыз және өзге де құжаттар қалай беріліп-жолданатыны көрсетіліп, «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіншіліктері жайында толық ақпарат берілді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі