«Сыбайлас жемқорлыққа қарсу күрес» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Кайсанова сот мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында дыбыс-бейне құрылғысының жаңа үлгісін қолдануын жүз пайызға жүзеге асыру, сонымен қатар өтініш, шағымдар мен арыздарды электрондық сервис арқылы қабылдау қажет. Аталған шаралар сот мамандары мен сот процесіне қатысушы тараптардың арасындағы процессуалды емес қарым-қатынастың болдырмауына ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар, заңнаманы халыққа жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, жұмыс атқару қажет.

Семинар соңында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот мамандарына сот деңгейін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

 

ШҚО қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі