Студенттермен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Л.А.Побияха Қазақстан-Американдық еркін университетінің  «Құқықтану» кафедрасының 3 курс студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында судья Л.А.Побияха болашақ заңгерлерге судьялар мен кеңсе қызметкерлері жұмысының маңыздылығы мен күрделілігі, облыс соттарының республика дәрежесіндегі жетістіктері туралы баяндады. Студенттерге қолданыстағы  қылмыстық заңнамалардың ерекшеліктері, сот жүйесіндегі енгізген заманауи технологиялар туралы жаңалықтар жайлы бөлісті.

Сондай-ақ, судья Л.А.Побиха өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өздігінен білім алудың маңыздылығына тоқталды.

Іс шара соңында сот төрағасы Л.А.Побияха студенттерге алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өте маңызды екенін атап, өз кезегінде студенттерге оқуда озат болуларын тілеп, болашақта олар үшін осындай шаралардың тұрақты түрде өткізілетіндігін айтты.

 

ШҚО облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызмет